Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / Жаңа жыл 2014 / Жаңа жылға дейін арықтау бағдарламасы

Жаңа жылға дейін арықтау бағдарламасы

Жаңа жылға дейін арықтау бағдарламасы

Арулар үшін ең романтикалық, ең ғажайып, сиқырлар мен тосын сыйларға толы мереке – Жаңа жыл жақындап келеді. Жаңа жыл, сөзсіз, қыздардың ең көп күтетін мейрамы. Алайда жылдың басты кешінде көпшіліктің алдына бар сұлулықпен көріну үшін алдын ала дайындықты қолға алу керек.

Жаңа жылға дейін арықтауға бел бусаңыз, рацион мен тамақтануға деген көзқарасыңызды ауыстырып, белсенді түрде экспресс-арықтау бағдарламасын ұстануыңыз керек. Дайын болсаңыз, бастайық!

1-кеңес

Күні бойы жеген тағамның барлығын арнайы күнделікке жазып жүрген абзал. Тіскебасарлар мен шай, тіпті сусындардың ешқайсысын қалдырмай жазыңыз. Бірнеше күннің жазбасын мұқият зерттеп, рационыңызға сырттай баға бере аласыз. Жасыңызға қарай сізге күнделікті қажет калорий санын анықтап, ендігәрі содан артық жемеуге тырысыңыз.

2-кеңес

Жаңа жыл алдындағы науқанға қарамастан, тамақтану уақыты мен диетаңызды бұзбаңыз. Пайдасыз тіскебасарлар, фаст-фуд атаулысын осы уақытқа ұмыта тұрыңыз. Пайдасыз тағам, тәтті сусын қалаған кезіңізде өзіңіздің Жаңа жыл кешінде әдемі көйлектегі бейнеңізді елестетіңіз.

3-кеңес

Жаңа жылға дейін басталып кеткен түрлі отырыстар мен кештерде майлы, тәтті тағамдардан бас тарта алу үшін, қонаққа бармас бұрын үйден дұрыс тамақтанып шығыңыз. Ал қонақта жеңіл тіскебасарлар мен көкөніс салаттарынан ғана дәм татуға болады.

4-кеңес

Жұмыста не үйде, жаңажылдық сыйлықтар не мерекелік дастарханға қажет азық-түлік алып жүргенде қарныңыз ашып кетті делік. Дәл осы сәттер азуға ең күрделі кедергі бола алады. Мұндай кездері фаст-фудтан бас тартып, дұрыс тіскебасар таңдаудың маңызы зор. Тіскебасар ретінде алма, жаңғақтар, ірімшік немесе кептірілген жемістер диета ұстанған аруға мінсіз болады.

5-кеңес

Таңғы асты еш уақыт қалдырмаңыз. Диетолог мамандардың барлығы бір ауыздан дұрыс таңғы ас салмақ тастаудың басты кепілі деп айтып келеді. Таңғы асыңызда ақуыздар мен көмірсулар болуы міндетті. Сондай-ақ тойымды таңғы ас сізге күні бойына күш беріп, түске дейін аштық сезімін басады.

6-кеңес

Сусынға құмар арулар Жаңа жыл қарсаңында олардан мүлдем бас тартқаны дұрыс. Кофе, энергетикалық сусындар, тәтті сусындардағы күрделі құрамдас бөліктердің көптігі оның қиын қабылдануының себебі болады. Сіздің осы айдағы басты сусыныңыз су болуы керек.

7-кеңес

Әрине бір-ақ айда салмақ тастау оңай шаруалардан емес. Сіздің арықтау бағдарламаңызда физикалық жаттығулар болуы шарт. Жаңа жыл қарсаңында әр арудың шаруасы көбейеді, соларға жаяу барып-келіп жүрсеңіз, бұл да арықтауға бір септігін тигізер еді. Шопинг, достармен кездесу, үйді, кеңсені безендіру, Жаңа жылға безендірілген қаланы аралау да белсенділікті арттыруға көмектесді.

Бастысы өзіңіздің мақсатыңызды әр кез ойда ұстап, "Жаңа жылды сәнді көйлекте, әдемі келбетпен қарсы аламын және келер жылды дәл солай өткіземін" деп ниеттеніңіз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: sopoblogs5.blogspot.com

11
Рейтинг: +2

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 11 желтоқсан 2013, 15:01
Пікірлер
+0
11 желтоқсан 2013, 16:24

Оййй мен керісінше.... :shock: Өзіме шақ көйлек жоққ ((вечерный :idea:

+0
11 желтоқсан 2013, 16:40

Құдай аууу, маған кішкене салмақ қосатын кеңес айтындаршы, Бойдақ қыздаааар: Жігітер ит емес сүйекке ұмтылатын!!!

+0
11 желтоқсан 2013, 17:38

Айтпакшы Жана жылга тууура суреттегідей көйлек сатып алдым :mrgreen:

+0
11 желтоқсан 2013, 18:14

керемет

+0
11 желтоқсан 2013, 22:31

тура сондай қып-қысқа мааа, Айшаа 8-)

+0
12 желтоқсан 2013, 08:36

Иә дәл сондай, суретін сала жатармын мумкундік болса :idea:

+0
12 желтоқсан 2013, 10:20

форумға міндетті түрде салыңыз"

+0
11 желтоқсан 2013, 19:37

Ең дұрыс пайдалы тіскебасарларды жазыңдаршв

+0
12 желтоқсан 2013, 10:20

айтсаң болды!

+0
21 желтоқсан 2013, 18:54

соғым деген бәле болды :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.