Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / Жаңа жыл 2014 / Жаңажылдық ертегі

Жаңажылдық ертегі

Жаңажылдық ертегі

Егер ертегі өзіңізді өзгерте алмас деп ойласаңыз, қатты қателесесіз...

* * *

Алп-алп басқан адымдары атақты таулар мен далалық өңірлердің төбесінде естіліп жатты. Оларда тіл мен ұшуға қанат болды. Олар үлкен құдіреттің мекенінде ұзақ өмір сүріп келді... 

Жылқыларға өшіккен зұлымдық күші күндердің бір күні үйір айғырларын бір-біріне айдап салды. Өшіккен жануарлардың бір-біріне тарпа бас салып, жұлысып шайнасқан сәттерінде тұяқ дүбірлері мен кісінеген дауыстарынан жер әлем тітіркеніп, тұрғындары дүрлігіп, ел-жұртта үрей жайлады. Қорыққандары жер астын паналап, қорықпағандары бір шайқасқа дайындалуға бет алды.

Содан бері жылдың жауын-шашынында олардың сестері мен қорқыныштары қалып қойған. Аспан әміршілері сол үрей мен сол сестен арылтуға жылдың жауын-шашынды мерзімі біткен уақытта бір мейрам жасауға бел буып көрді. Ол мейрам кейін келе "Жаңа жыл" атанып кетті.

Аспан әміршілері "Жаңа жыл" қарсаңында жылқыларға мынадай тапсырмалар береді: жылаған баланың тілегін орындау, жолы болмай жүрген жастарға махаббаттарын жолықтыру, ана тілегін жерде қалдырмау. 

Жылқылар алғашқыда қатты күліп, қатты таңырқады. Адамзаттың ойға сыймас салт-дәстүрлері, танымдары шектен шыққан оспадарлық болып көрініп жүрді. Киіз үй жанында алғаш табынған сәттері де көз алдарында көлбеңдеп, біраз уақытқа естерінен кетпейтін.

Жылқы малы қанаты мен тілін ұзақ уақыт адамзаттан жасырып келумен болды. Жылқы көзіне үңіліп зер салып қарар болсаңыз, әлемнің ақиқат көрінісін көре алар едіңіз...

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: stihi.ru 

9090 0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 24 желтоқсан 2013, 15:05
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...