Жаңа жыл – 2014. Жұлдызжорамал: Бикеш

Жаңа жыл – 2014. Жұлдызжорамал: Бикеш

Бұл жылда қауіпсіздікке, қолайлылыққа және рахаттануға деген қажетсінуді айқын сезінесіз. Ақшаға деген көзқарасыңыз өзгеруі мүмкін. Айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынасты дұрыс ұстағаныңыз жөн.

Қыс. Жаңа жылдық ойын-сауық сіздің іс-қатынастарыңыз бен қаржылық қорыңызға кері әсерін тигізуі мүмкін.

Көктем. Сезім, романтика, шығармашылық, істегі жетістіктер – мұның барлығы сізді көктемде күтеді. Кейбіреулер кейбір қатынасты үзгеннен кейін өзін еркін сезінбек.

Жаз. Белсенді жаз, әріптестіктегі мол оқиғалар және мансаптағы өсу күнделікті бірсыдырғы өміріңізге өзгеріс енгізеді. Тамыз айында барлығынан басыңызды алып қашып, оңашада болғаныңызды қалайсыз.

Күз. Қоңыр күз - белсенділер мен батылдар үшін және пәрменді ізденістегі жандар үшін табысты болады. Қазан айында өзіңізді көрсетуде және бизнеске кірісер алдында икемділік қажет. Қарашада қосымша білім алу хақында ойланғаныңыз дұрыс.

Барлық өзгерістер тек қана жақсылыққа!

Романтикалық құмарлығыңыз жаныңыздағы жанға ыңғайлы болуын қамтамасыз етіңіз. Ақшаға құрметпеу қарауды үйреніңіз, кәсіпкерлік шеберлігіңізді танытыңыз.

Махаббат


Айрықша көңіл-күйлер

Махаббаттың жаңа қырларын тани түсесіз және де өміріңіздің де жаңа қырларын аша түсесіз. Өмірге сеніңіз және өзгеруден қорықпаңыз, себебі сонда ғана сіз махаббаттың, романтиканың сұлулығын сезінесіз. Серіктестікте гармонияға жетесіз. Қыста болжамсыз финал болуы мүмкін: сіз абсолютті түрде суып не қарым-қатынасты одан әрі жалғастырасыз. Шілде мезгілінде сізге құдды қанат біткендей күй кешесіз. Бұл ақ адал да пәк махаббаттың белгісі. Шілденің аяғы мен қыркүйек уақыттарында өзіңізді жарыққа шығаруға деген талабыңыз жақындарыңызбен қарым-қатынаста албырттығыңызды арттыра түседі. Қызғаныштың кесірінен артынан өкіндіретін  ақымақтықтар жасайсыз.

Отбасы


Барлығын бірге жасайсыздар

Бірінші жарты жылдықта туған үйіңіз бен жеке отбасыңыз бақыт пен қуаныш сыйлайды. Қоршаған ортада не болып жатқанына қарамастан өз үйіңізде сенімді орта мен болашаққа деген сенімділік сезіліп тұрады. Қыста жеке меншік мүліктерге байланысты болжамсыз жағдайлар тууы мүмкін. Мүмкін отбасындағы қалыптасқан тәртіпті өзгертуге де тура келер. Көктемде үй-жайды жөндеуге деген кез келген жоспарды алға қоюға болады. Балалармен уақыт өткізу бақытты болмақ.

Достық


Қуаттылығыңа деген сынақ

Маусым уақытында достарыңыз бен жаңа таныстарыңызға үйіңіздің есігі ашық болады. Қыста сізде эгоистік қақытығыстар болуы мүмкін және кейбір жоспарларыңызда өзгеріс болады. Әлем мен тылсым жайындағы әңгімелесуіңіз рухани дүниемен байланысты көркемөнер немесе музыкамен айналуға әкелуі мүмкін. Жаздың аяғы мен күздің басында сіздің көндіру күшіңіз өз қалпында болады. Сондықтан достарыңыздан не жайында өтініш айтсаңыз да өз еркіңіз.

Денсаулық


Жүйке жүйесін сақтаңыз

Қаңтар-ақпан аралығында созылмалы ауруларыңыз сыр беруі мүмкін. Бұл мәселе қанайналым, тамыр тартылуы, құрысу (судороги), көз және жүрек ауруы болуы мүмкін.  Наурыз-қараша айлары арасында әртүрлі күмәндар мен қорқыныштардан, эмоциялық көтерілулерден жүйкеңіз қатты қысымда болады. Сондықтан психикаңызға салмақ түсірмеңіз және кері әсер ететін жағдайларға назар аудармаңыз. Апта соңында позитивті үнге бас қойыңыз: сүйікті музыка, комедия тамашалау, балалармен ойнау, табиғатта серуендеу, шедевр туындылармен танысу. Ұйқы режимін тұрақтандыру міндетті.  Сәуір – жарақат алу айы, желтоқсанда тәуекел етпеуге тырысыңыз.

Мансап пен қаржы


Табыс табу және дұрыс жұмсау

Бұл жылда сіз өз еңбегіңізбен ақша табуды және жеке ақша қорыңызды толықтыруды ойлауыңыз қажет. Бірінші жартыжылдықта ақшаға қарым-қатынас өзгереді. Сіз кез келген айламен табыс әкелуші көзден айырылмауға тырысасыз. Қаңтар-ақпан айлары - мақсатсыз жұмысқа орналасу мен жаңа жоба басталу кезеңі болмақ. Ақпан, маусым, қазан айларында жағдайыңыз өзгеруі мүмкін: жұмысқа деген қарым-қатынасыңыз да өзгереді. Мүмкін, араласатан адамдар мен ортаны өзіңізді жарыққа шығару үшін ауыстырарсыз. Шілденің аяғы мен қыркүйектің басында маңызды істер мен жолдамаларды жоспарлауға болады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: astrologanna.com 

О. Сансызбай