Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / Жаңа жыл 2014 / Жаңа жыл – 2014. Жұлдызжорамал: Мерген

Жаңа жыл – 2014. Жұлдызжорамал: Мерген

Жаңа жыл – 2014. Жұлдызжорамал: Мерген

Қыс. Өміріңізде орын алатын елеулі өзгерістер салдарынан өзіңіздің алған бағытыңыздан жаңылып қалу қаупі бар. Сол кезде болуы мүмкін хаостық жағдайларда эмоцияға ерік бермей, барынша сабырлы болуға және ақылмен ойлануға тырсыңыз.   

Көктем. Жеке басыңызды әртүрлі оқиғалар мен өзгерістер күтіп тұр. Бірақ байбалам салмаңыз, сабыр сақтаңыз. Бұл сіздің алдағы жарқын өміріңізге септігін тигізетіні сөзсіз.  

Жаз. Сіз түбегейлі өзгересіз, сондай-ақ ақыры айналаңыздағы болып жатқан өзгерістердің себебін ақырындап түсіне бастайсыз. Шілде айында сізді үлкен бақытқа кенелу мүмкіндігі күтіп тұр.   

Күз. Сіз өзіңізге жаңа қызығушылықтар таба бастайсыз. Өмірге деген құштарлығыңыз қайта ашылып, үлкен беделге ие болуыңыз да әбден мүмкін.  

Махаббат

Алдағы жылы Айдың әсерінен сіздің махаббатта жолыңыз міндетті түрде болады. Қаңтар мен шілде айларының аралында қаржылық мәселеңіз оң шешімін табады. Шілде айының соңынан қыркүйектің ортасына дейін сүйіктіңізбен көбірек уақыт өткізуге тырысыңыз, шетелдерге шығып демалып қайтсаңыз да әдбен болады. Ал некеге тұрамын деп шешсеңіз, онда сізге мамыр мен тамыз айлары оңтайлы келеді. 

Отбасы

Өз отбасылық мәселелеріңізді тез әрі оңай шешетін боласыз. Ал отбасыңызда көңіл күй әрдайым жарқын әрі жылы күйде болады. Сәуірден маусымға дейін немесе қыркүйектің соңына қарай отбасыңызда бір үлкен қуаныш болады. Сонымен қатар, алдағы жыл сіздің отбасылық бизнесіңіз үшін де сәтті болғалы тұр. Осы орайда сізге кеңес, отбасылық бюджетке мұқият болыңыз, оны қайта қарап шығыңыз. Тұрғын үй мәселеңізді қаңтар мен мамыр аралығында шешуге тырысыңыз, ал басқа жаққа көшуді жоспарласаңыз, наурыз, тамыз немесе қараша айларын таңдағаныңыз абзал.   

Достық

Қаңтар мен маусым аралығында қасыңызда "доспын" деп жүрген кейбір "достарыңыздың" бетпердесі ашылып, олардан арылғаннан соң, қасыңызда тек адал достарыңыз ғана қалады. Сондықтан шын достардың сізге деген шын ниетін уақытында бағалай біліңіз. Одан бөлек, бұрыннан бері таныс, сырлас құрбыңыз сізді ұнатып қалып, тіпті көңілін де білдіруі мүмкін. Осындай сәтте өзіңізге және екеуіңіздің байланысыңызға кесірі тимейтіндей әрі тез арада батыл шешім қабылдаңыз. Ал оны елемегендей сыңай танытып жүре берсеңіз, оның сізге тек кері әсері болатындығын ескерткіміз келеді. Шілдеден бастап жаңа адамдармен таныса бастайсыз. Айналаңызға ойларыңыз бен дүниетанымыңыз бір адамдар жинала бастайды. Араларыңызды бірдей қызығушылық, қоғамдық жұмыстар мен бірге саяхаттау сияқты дүниелер байланыстырады.  

Денсаулық

Өзіңізді күтуді мықтап қолға алсаңыз ғана, ағзаңыздың жұмысы қалпына келе бастайды. Көктем түсісімен, созылмалы аурулардан айығып, иммунитетіңіз күшейеді. Бір орында қозғалмастан отыра бергеннен гөрі, көбірек серуендеңіз. Ол сіздің денсаулығыңызды нығайтып, одан бөлек көңіл күйіңіздің де үнемі көтеріңкі болуына жол ашады. Жаз мезгілінде табиғат аясында көбірек демалыңыз. Сондай-ақ жалғыз өзіңіз ғана саяхат жасап көрсеңіз болады. Мұның сізге берері көп: өткен күндеріңізді бір шолып, жақын болашаққа жоспар жасайсыз. Сәуір айының соңынан маусымға дейін артық салмақ жинамауға тырысыңыз. Мамыр немесе тамыз айларында бауырыңызды бір қаратып алсаңыз артық болмайды. 

Мансап және қаржы 

Жылдың басында қаржылық жағдайыңыз тұрақты болғанымен, жаз кете ақша жағынан қиналуыңыз әбден мүмкін. Кіріс азайып, шығын көбею қаупі бар. Алайда ақшадан қиналдым деп, несие алуға асықпаңыз. Бұл қиындықтар көп ұзамай өз шешімін табатын болады. Бәрі де сіз күтпегендей аяқ астынан орын алып, жылдың соңына дейін қаржылық проблемаңыз түпкілікті шешімін табады. Бір қуантарлық жәйт, сізге жыл бойына қосымша табыс көздерінен ақша үздіксіз түсіп тұрады. Егер оларды дұрыс, сауатты жұмсай білсеңіз, барлық қарыздарыңызды жауып, тіпті өзіңіз де таныстарыңызға қарыз беруіңіз мүмкін.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: vek-center.com

Қосылған күні: 13 желтоқсан 2013, 14:21
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.