Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / Жаңа жыл 2014 / Жаңа жыл дастарханында айтылатын тілектер

Жаңа жыл дастарханында айтылатын тілектер

Жаңа жыл дастарханында айтылатын тілектер

Қандай да бір жиын-той мен басқа да отырыстарда сөз беріледі. Сонда «көңілдегі көрікті ойды» жеткізе алмай жататынымыз болады. Ел көзінше өз ой мен тілегімізді айта алу үшін де біраз жаттығуымыз керек екенін естен шығармайық деген ниетпен алда келе жатқан Жаңа жылды тойлау дастарханында айтылатын тілектерді жинастырдық. Пайдаңызға жарасын!

***

Үш жолаушы түн ауғанда шаршап, көрінген бір үйге құдайы қонақ болғысы келеді. Үй егесі есікті ашып «Кімсіңдер?» дегенде олар:

- Біріміз Денсаулық, біріміз Махаббат, біріміз Байлықпыз, құдайы қонақпыз, - дейді.

- Кешіріңдер, біздің үй тарлау, біреуіңе ғана орын табылады. Үйдегілермен кеңесіп алайын, - деп ішке еніп кетеді.

Шешесі Денсаулық кірсін дейді, қызы Махаббат түнесін дейді, ал әйелі Байлықты қалайды. Үшеуі үш жаққа тартып тұрғанда жолаушылар келесі үйге қарай беттеп бара жатады.

Осы дастарханда отырған әрбіріңіздің де үйіңізде осы үш құндылыққа да орын табылсын деген тілек білдіремін!

***

Жаңа жыл мерекесі – бұл әрқашан да өткенге есеп беру. Өткенді сараптау мен пәлсапасын ойлап тауыса да алмаспыз, сол үшін «Өткенге – салауат, болашаққа – аманат» десіп, өмірді жалғастыру ләзім. Осы отырған достарыма Жаңа жылда Салауаты шүкірлікпен, ал аманаты арманмен жалғассын деген тілек айтамын!

***

Бір еркектен бәрі таңғалып сұрапты:

- Неге сен екі өлшем кіші аяқ киім киіесің?

Ол болса былай депті:

- Әдейі сөйтем. Әйелім әдемі емес, тіпті ашуланшақ. Әзірлеген асы дәмсіз. Балам бұзық. Енем – есер!... Жалғыз ғана қуанышым – ол аяқ киімімді шешкенде болып тұрады!

Жаңа жалыда одан басқа да қуаныштарымыз болсын!

***

Әрқайсыңа аналарың тілеген денсаулықты тілеймін!

Әрқайсыңа әкелерің тілеген қайратты тілеймін!

Әрқайсыңа кедей тілеген жомарттықты тілеймін!

Әрқайсыңа әйелдерің тілеген табысты тілеймін!

Әрқайсыңа күйеулерің тілеген сұлулықты тілеймін!

Әрқайсыңа бала тілеген арман тілеймін!

***

Әрқайсымыздың жасымызды ұлғайтып, өмірімізді қысқартатын, бірақ адамзаттың өмірін ұзартатын құбылыс – Жаңа жыл құтты болсын!

***

Біріңіз білсеңіз, біріңіз білмейсіз – Италияда Жаңа жылда адамдар ескі-құсқы киімдерін, керексіз заттарын лақтырады. Біз Италияда емеспіз ғой... Десек те! Өз ойымыздан өткен күннің қайғысы мен ренішін, бәле-жала, ұрыс пен қызғанышты лақтырып тастайық! Сонда ғана біз өткен жылды тек қуанышты сәттерімен есте қалдырамыз, ал Жаңа жылды одан да керемет өткізетін боламыз!    

***

Бір данагөй айтыпты: «Менің бір таңғалатыным – адам айырылып қалған байлықтарын көп ойлап, өкінеді де, айырылып қалған уақыты мен өміріне өкінбейді». Осыған орай, тілерім – әрқайсыңыз да Жаңа жылдың әр күнінде алтын уақыттарыңызды пайдаға асырыңыздар!

***

Әрқайсымыз адамзаттың бір бөлшегі ретінде екінші бір бөлшегімізді іздейміз, - депті көне грек данагөйі Аристофан. Біз бақытты кездесуімізді кездестіреміз деген үмітпен өмір сүреміз. Жалғыз жүректердің барлығына да сол бақытты кездесу тілеймін!

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 21 желтоқсан 2013, 09:55
Пікірлер
+0
21 желтоқсан 2013, 17:02

Рахмет, Ардақ ағай) Жақсы екен. Бірақ мұндай жаттанды тілектерге қарағанда сол сәтте жүрегіңнен шыққан тілекті айтқан әсерлірек сияқты. :D

+0
21 желтоқсан 2013, 19:32

кіші аяқ киім туралы ұнады, осыны айтам әйелдердің банкетінде :) рақмет!

+0
21 желтоқсан 2013, 19:48

Екі өлшем кіші аяқ киім :D :D :D Жақсы екен.

+0
23 желтоқсан 2013, 10:43

Біразын жаттап алу керек, а то жаңа жылда туысқандарды аралау басталады ғой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.