Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Жаңа жыл 2013 / Жаңа жылда алыстағы жандарды құттықтау

Жаңа жылда алыстағы жандарды құттықтау

Жаңа жылда алыстағы жандарды құттықтау

Жаңа жылда өз үйіңізден, туыстарыңыздан, достарыңыздан алыста қалдыңыз ба? Жұмыс не оқу бабымен жақын адамдардан алшақ болсаңыз да, оларды құттықтау амалдары бар.

Президенттік құттықтау

"Скайп" көмегімен туыстарыңызды "президентше" құттықтаңыз. Бастысы, алдын ала ата-анаңызды, туыстарыңызға сол бағдарламаны үйретіңіз. Алдын ала құттықтау тілектерін дайындап, ноутбук арқалап, қаланың әдемі алаңына баруға болады. Тоңамын десеңіз, құттықтауды үйден де жіберсеңіз болады, бұл жағдайда артыңызға жаңажылдық сурет іліп қойыңыз. Сөзіңіз ресми шығу үшін "Құрметті азаматтар!", "... отбасы" деген сөздермен бастаңыз. Сөзіңізде осы жылы жеткен жетістіктеріңіз бен келесі жылға деген жоспарлар мен үміттер және басқа да "президенттік" тілекке сай сөздер болсын. Арасында "Осы жылы анамыз 5 банкаға көбірек тосап жасады" сынды әзілдер де қосыңыз. Соңында сомдаған рөліңізден шығып, күліп, туыстарыңызды тағы бір құттықтап өтіңіз.

Тосын сый

Алыстағы үйге барудың сәті түспесе, оларға тосын сый жасаңыз. Жаңа Жыл қарсаңында үйдегі біреуге сыйлықтарды жіберіп, үйдің әрбір бұрышына тығуын сұраңыз. 12-ге жақындағанда ата-аналарыңызға смс жіберіп, "Сіздің сыйлығыңыз сөреде (ас үйде, үстел астында)" деп жазыңыз. Сыйлықтарын тапқанда, олар сіз келіп-кеткендей әсер алады. Осындай тосын сый балаларын көптен көре алмай жүрген ата-аналарға керемет сый болады.

Балалық шақты еске алу

Ата-аналарыңыздың балалық шағын есіне түсіріңіз. Үйіңізге Аяз Атаға тапсырыс беріңіз. Әрине, ақшасын да өзіңіз төлеп қойыңыз. Ол үйдегілерді құттықтап, сыйлықтарын береді. Аяз Ата рөлін сол қаладағы досыңыздың біреуі ойнауына болады. Бастысы оған туыстарыңыздың, сіздің есімдеріңізді қатесіз айтып, сыйлықтарды шатастырмай ұсынуын сұраңыз. Тіпті Аяз Ата жалдамай, досыңызға есіктің алдына сыйлықтарды қалдырып, есікті тоқылдатып кетуін сұрасаңыз да болады. Бұл үйдегілерді сүйсіндіріп, кішкентайларды мүлдем қуанышқа бөлейді.

Осы мысалдардың бірін қолданып не басқа құттықтау жолын ойластырып, алыста қалған отбасыңызды құттықтасаңыз, олар да, өзіңіз де қуанып қаласыз. Алыс жолды жақындатып, бір сәтке болса да бірге болыңыздар.

Жаңа Жыл құтты болсын!

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: investgazeta.net

1571 6
Рейтинг: +4

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 24 желтоқсан 2012, 16:39
Пікірлер
+0
24 желтоқсан 2012, 17:22

күшті идеялар екен, рахмет көп көп

+0
24 желтоқсан 2012, 19:00

2-3 жақсы екен, бірақ оған адам керек екен!) :)

+0
24 желтоқсан 2012, 20:59

Jj unap ketedi osynyn barin okygan saiyn

+0
24 желтоқсан 2012, 22:53

бір СМС атып жібересін гой.

+0
25 желтоқсан 2012, 01:46

иә, смс-пен ғана құттықтап, тіпті жақын адамың болса звондайсың ғо :mrgreen:

+0
25 желтоқсан 2012, 10:18

смс-ті, ұнатпайды, үнемі қоңырау шаламыз, соған үйренген, бірақ мына ойларыңыз жақсы екен, қуантуға болады, рахмет.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...