Телефонмен ұзақ сөйлесу қатерлі ісікке әкеледі

Телефонмен ұзақ сөйлесу қатерлі ісікке әкеледі
Фото: anews.com

Ұялы телефон сөзсіз адамзаттың өмірін жеңілдеткені рас. Бірақ оның кері әсері де барын ұмытпаған жөн.

Мәселен ғалымдар ұялы телефонмен ұзақ сөйлесу қатерлі ісік туғызуы мүмкін екенін айтады. Әсіресе, телефоннан шығаратын радиожиілік толқын адам миына зиян көрінеді. Бұл жайында Америка мен кәріс ғалымдарының International Journal of Environmental Research and Public Health журналына жариялаған біріккен зерттеуінде айтылған.

Ғалымдардың айтуынша, телефонмен жиі сөйлесу қатерлі ісікке әкелуі мүмкін. Әсіресе, көп сөйлескен жағдайда. Сондықтан азырақ сөйлесуге тырысқан жөн. Ал күндік норма қайсы дегенге келсек, бір күнгі телефонмен сөйлесу уақыты 17 минуттан аспауы тиіс. Егер адам күн сайын 17 минуттан 10 жыл бойы сөйлессе, қатерлі ісікке душар болуы қауіпі 60 пайыз көбейетін көрінеді.

Ұялы телефонның адам ағзасына зияны жайлы мәлімет аз. Көбіне пікір, ой немесе болжам күйінде қалып жүр. Басты себеп – ұялы телефонның адамзат өміріне енгеніне көп болған жоқ. 10 жылдың айналасы. Ал тұщымды ғылыми зерттеу жасау үшін бұл уақыт аз. Сондықтан ұялы телефонның адам ағзасына тигізер басқа да зияндары болуы мүмкін.

Қ. Слямбек