Күн өту: Адам қандай жағдайда ыстықтан өліп кетуі мүмкін?

Күн өту: Адам қандай жағдайда ыстықтан өліп кетуі мүмкін?
Фото: tobolinfo.kz

"Күн өту", "ыстық өту", "ыстық ұру" сынды сөздерді естіген болармыз. Әсіресе, еліміздің оңтүстік және батыс аймақтары ыстықтан қатты зардап шегеді. Егер ыстық қатты өтіп кетсе, адам қайғылы жағдайға душар болуы мүмкін. Сондықтан ыстық өтудің алдын алып жүргеніміз абзал.

Адам ыстықтан қайтыс болыпты десе, Африка мен Азияның ыстығы елестері хақ. Бірақ биыл тропикадан әлдеқайда алыс жатқан АҚШ пен Канаданың жүздеген азаматы аптап ыстықтан жантәсілім болды. Сол сынды суық аймақ саналатын Еуропа мен Ресейдің тұрғындары да жыл сайын ыстықтан жапа шегеді.

Бұған қарап адамға ыстық емес, күн райымен байланысты қандай да бір аномалияның қайғылы жағдайға әкелетінін байқауға болады. Мәселен АҚШ Колумбия университетінің обсерватория мамандары адамға қауіп төндіретін ыстықтың өзі емес, "ылғал термометр" атты құбылыс екенін айтады. Мамандар 1979-2017 жылдардағы метеостанция деректерін жинап, ылғал мен ауа температурасы арасындағы ортақ заңдылықты (7 мың мекеннен) тауып, оған "ылғал термометр" атты атау берген екен.

Адам ыстықтаса, терлейтіні белгілі. Тер – адам ағзасының ішкі температураны реттеуге қолданатын табиғи реакциясы. Суық тер шығарып, денені салқындатуға тырысады. Ал "ылғал термометр" дегеніміз – адам ағзасы шығарған суық тердің дене салқындатуға күші жетпей қалған кезі.

Оған не себеп болады дегенге келсек, жауабы – ылғал. Яғни, ауа ылғалы 95%-дан асып, ал температура Цельсий өлшемімен 31,1 градустан асса болғаны, адам ағзасы үшін анамолия пайда болады. Ал ауа температурасы 35 градусқа жетсе, адам денесі мүлде шыдамай кететін көрінеді. Содан адам ағзасына ыстық өтіп кетеді де, сау адамның өзі де өліп кетуі мүмкін.

"Бәрі ылғалға байланысты. Егер ауада ылғал көбейіп кетсе, адамның денсаулығы мықты болсын-болмасын, көлеңкеде отырсын не отырмасын, суы жеткілікті болды не болмады дегенге қарамайды. Адамның термодинамикалық мүмкіндігі таусылады, денені салқындатуға күші жетпей қалады", - дейді Колумбия университетінің профессоры Рэдли Хортон.

Қ. Слямбек