Ұйқысыздық белсіздікке әкеледі – дәрігер

Ұйқысыздық белсіздікке әкеледі – дәрігер

Күніне алты сағаттан аз ұйықтайтын адамның қатерлі ісікке шалдығу қаупі басым. Әсіресе түнін ұйқыға арнамаған адамның жағдайы қиын. Осылай дейді түрік дәрігері, ұйқы мен кеуде ауруларының маманы Нежат Алтынташ Cumhuriyet басылымына берген сұқбатында.

Дәрігердің айтуынша, адам күніне 6 сағаттан көп уақытын ұйқыға арнауы тиіс. Ал одан аз ұйықтаған адамның гормон бөлінісі бұзылып, түрлі созылмалы ауруларға әкелуі мүмкін.

"Адам ұйықтағанда бөлінетін арнайы гормондар бар. Солардың бірі – өсу гормоны. Егер балада өсу гормоны жетіспесе, денсаулығы ерте жастан сыр береді. Ал ересек адамда өсу гормоны бұзылса, семіздікке ұшырайды", - деп түсіндіреді дәрігер. 

Алты сағаттан аз ұйықтаған адамның гормонға тәуелді қатерлі ісіктің түрлеріне, кеуде ісігі мен тоқ ішек ісігіне, ұйқы безінің қабынуына шалдығуы мүмкін.

"Медицина мамандарына мынандай бір зерттеу жүргізілген. Түнде жұмыс істейтін, кезекшілікке шығатын медицина мамандарына тексеріс жасалған еді. Сонда қатерлі ісікке шалдыққандың саны 200 пайыз көп болғаны белгілі болды", - дейді Нежат Алтынташ.

Сондай-ақ, аз ұйықтайтын ер адамдарда тестостерон гормоны азайып кетеді. Содан бедеулікке шалдығуы мүмкін екен.

Ұйқысыздық адамды тез қартайтып, Альцгеймер ауруның ерте пайда болуына әкеледі.