Әлемде алғаш рет тірі донордан науқасқа өкпе трансплантацияланды

Әлемде алғаш рет тірі донордан науқасқа өкпе трансплантацияланды

Жапониядағы Киото университеті ауруханасының медициналық қызметкерлері әлемде алғаш рет тірі донордан науқасқа өкпе трансплантациясын жасады.

Өкпенің бөліктері науқастың жақын екі адамы – күйеуі мен ұлынан алынған.

Asahi Shimbun әйелге 11 сағатқа созылған өкпе трансплантациясы операциясы жасалғанын хабарлады.

Әйелге коронавирус диагнозы 2020 жылдың соңында қойылып, жағдайы нашарлап, өкпесінің екі жағы пайдадан қала бастаған. Әйел Киото Университеті ауруханасына 3 айлық экстракорпораль мембранамен оксигенация әдісімен емдеу курсынан кейін келген. Унивирситет дәрігерлері науқастың күйеуі мен ұлы қазір өзін жақсы сезініп жатқанын мәлімдеді.. Дәрігерлер әйелдің 3 айдан кейін толық сауығатынын айтады.

"Әлемде бірінші рет тірі донордан науқасқа өкпе трансплантациясы – өкпенің ауыр жарақатын алған науқастарды емдеудің перспективалық әдісі болады", - делінген хабарламада.

Өкпені тірі донордан тек 65 жасқа дейінгі пациенттерге ауыстыруға болатыны және дененің басқа мүшелері зақымдалмайтыны айтылған.

Қытайда, Еуропада және АҚШ-та осы уақытқа дейін 40-қа жуық өкпе трансплантациясы бойынша ота жасалғаны хабарланды. Алайда өкпенің бір бөлігі терең комада жатқандардан алынған.

Т. Раушанұлы