Темекінің "пайдасы"

Темекінің "пайдасы"

Темекінің зияны туралы әлемде күн сайын бес-алты ақпарат жарық көріп отырады екен. Ең алғаш темекі пайда бола бастағанда Европаның ақпарат өкілдері оның пайдасы туралы жарысып жазған. Бірақ, бүгінгі күні мұның бәрі де теріске шығарылып отыр.

Ең жаңа зерттеулерде, DNA тексеру арқылы сол адамның темекі тартатын-тартпайтынын анықтауға болатыны туралы айтылады. Бұл «қуанышты» зерттеудің астарында үлкен өкініш бар. Демек, темекі тарту DNA-ға да әсер етеді деген сөз. Темекі тартатын адамдардың қан құрамы бірте-бірте өзгере бастайды екен. Ал темекі тастаған адамда бұл ақырын-ақырын азая бастайды. Бір өкініштісі, ол бәрібір мүлде темекі тартпайтын адамдікіндей мүлткісіз емес деп отыр ғалымдар.

Темекінің DNA-ға әсер ететіні туралы тағы бір ақпаратта темекі тартатын әкеден тараған ұрпақ ауыр зардапқа жолығатыны айтылыпты. Ғалымдар 39 әйелдің жүкті болудың алты-артындағы жағдайына және босанғаннан кейінгі сәбидің кіндік қанына зерттеу жүргізген. Темекі сәби қанындағы DNA-ға тікелей әсер ететінін жариялаған. Бұл сол сәбидің рак ауруына жолығу салыстырмасын арттырады екен. Бұдан да қасіреттісі, сол әкеден тараған бүкіл ұрпаққа (темекі тартпаса да) кететін зауал. Ғалымдар сол әулеттен бұл дерт ешқашан айықпайды деп отыр.

Бұл жайында тағы бір жаңалық. Доңыз қанының белгілі бір құрамы темекінің фильтріне (сүзгішіне) пайдаланылады. Бұл темекі ғана емес, 185 түрлі өнімге қосылады екен. Бұл жайлы Австралияның «Күнделікті почта газетінде» Симон Шапман есімді профессор жариялаған және тұтынушыларға ескерту берген. Оның айтуынша, доңыз қанының бұл құрамы темекідегі химиялық зиянды заттарды сіміруге тиімді материал болып табылады.

Бірақ бұл хабар туралы әлемдегі темекі серіктестіктері ешқандай пікір білдірмеген де, тіс жармаған. Бірақ Грецияның бір темекі өндіретін компаниясы бұл туралы мойындаған.

Әр жолы темекі тарту алдында темекі қорабының сыртына жазылатын мына сөйлемді үнемі оқып тұруды ұмытпаңыз:

«ТЕМЕКІ БҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТҮТІНІНДЕ ФОРМАЛЬДЕГИД, БЕНЗОЛ ЖӘНЕ КӨМІРТЕГІ МОНООКСИДІ БАР, ТЕМЕКІ ТАРТУ ӨЛІМГЕ АЛЫП КЕЛЕТІН АУРУЛАР ТУДЫРАДЫ».

Дайындаған: Қайсар Қауымбек

Сурет: baidu.com

Қ. Қауымбек