Бір нәрсені қаласам ештеңе кедергі бола алмайды – ER-BATYR жобасында Құмар Лұқман

Бір нәрсені қаласам ештеңе кедергі бола алмайды – ER-BATYR жобасында Құмар Лұқман

ER-BATYR жобасында – танымал КВН-ші, автор әрі актер Құмар Лұқман. Ол Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында ТНТ арнасында жұмыс істеу мүмкіндігі туған кезде өкініп не өкінбегені, әйелінің қай қасиетін бағалайтыны туралы, өзгелердің қандай қасиеті өмірінде көмектесетіні, сондай-ақ ол үшін бақыт деген не екенін әңгімеледі. Жаңа шығарылымды ER-BATYR YouTube-арнасынан көре аласыздар.

Жоба ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер - "Жетінші арна", Vostok FM радиоарнасы және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

Эфир қонағы КВН-ге деген көзқарасы қандай екенін айтты.

Ол менің бір бөлігімдей, оған 20 жыл уақытымды арнадым, мен де "Кумар веселый и находчивый (КВН), (көңілді және тапқыр Құмар) шығармын, осы үш әріптен өзімді таптым. Спортта, оқуда жолым болмады, үнемі соңғы орындар алатынмын, ал бұл салада бір нәрсе сездім, - дейді актер.

Құмардың сөзінше, ол кейде ТНТ арнасында жұмыс істеуден бас тартқанына өкінеді.

"Кейде сол туралы ойлағанымда бір өкініш пайда болады - неліктен бармадым, неге байқап көрмедім деген секілді. Вячеслав Досмухаметов (ТНТ-нің креатив продюсері - еск.) мені актер ретінде шақырған. Бірақ Нұрлан Қоянбаевпен сөйлесіп, чемпион атанғаннан кейін Қазақстанда жұмыс істеп, контент дамытып, жаңа дүниелер ойлап табамыз деп шештік. Бірақ чемпиондық атақты жеңіп ала алмадық, арман күйінде қалды, өмірдің қалтарыс-бұлтарысы да әсер етті. Финалда екінші орын алғанымызда әйелім келіп әжеміз қайтыс болғанын айтты. Сол сәттен бастап концертке де, гастрольге де шамам болмады, жігіттер өздері кетті, мен үйге қайттым. Тағдыр ма, әлде не екенін білмеймін - бірақ жаныма жақын адамдардан сахнада жүргенімде айырылып қаламын - әкем, әжем, ұлым. Бірде жылап, бірде күлеміз демекші", - дейді ол.

Актер жарының қандай қасиетін бағалайтынын айтты.

"Оның маған сенім артып, қорықпай, бірге келгенін бағалаймын. Мен жалпы өзім жалғыз барып, оның ата-анасымен танысқанмын. Бұрын бұл туралы айтқан емеспін, бірақ менде белгілі бір қорқыныш болатын. Алайда менің бір қасиетім бар - егер маған қажет болса ешнәрсе кедергі бола алмайды. Бірнәрсе сеземін де жасқаншақтығым екінші орынға түсіп кетеді де алға қарай танк секілді кетесің. Бұл қасиетім жиі байқала бермейді, бірақ нақты қажет кезде болады", - дейді актер.

Сонымен қатар, Құмар адам бақыты туралы ойын айтты.

"Менің бақытым қазір менің қолымда - ол менің отбасым, жақындарым, жұмысым мен достарым. Сол бақытты менің жанымда көбірек, солардың ортасында жүріп бөліссе екен деймін. Құдай сол бақытты күндерден ұзағынан рахат алуға жазсын. Меніңше, бақыт деген бәріміз", - дейді ол.

ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Бұған дейін жоба қонақтары футболшылар Давид Лория мен Самат Смақов, актерлер Тәуекел Мүсілім мен Санжар Мәди, шоумен және тележүргізуші Марат Оралғазин, коммуникация бойынша маман Әлішер Елікбаев, "Фридом Финанс" компаниясының бас директоры Тимур Турлов, кәсіпкер Райымбек Баталов, медиамагнат Арманжан Байтасов, Asar-ume қайырымдылық қорының негізін қалаушы Асхат Нұрмашев, Ninety one тобының продюсері Ерболат Беделхан, продюсер және актер Нұрлан Қоянбаев, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев болған.

Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-арнасынан қараңыздар. Жобаның Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы - erbatyrkz.