Елтаңбаның авторы Шот-Аман Уәлиханов дүние салды

Елтаңбаның авторы Шот-Аман Уәлиханов дүние салды

Танымал сәулетші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет", "Парасат", "Отан", "Даңқ" орденінің иегері, Қазақстан Елтаңбасының авторы Шот-Аман Уәлиханов өмірден озды. Бұл жайлы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова әлеуметтік желіде жазып, көңіл айтты.  

"Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихановтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Шот-Аман Ыдырысұлы саналы ғұмырын сүйікті ісіне арнап, мағыналы өмір сүрген өз ортасына сыйлы, болмысы бөлек жан еді. Ол халқымыздың тарихындағы ардақты тұлғалардың ескерткішін жасап, ер есімін ел арасында ұлықтауға, сәулеті көз тартар ғимараттардың бой көтеруіне сүбелі үлес қосты", - деп жазады министр.

Белгігі сәулетші Елорда төріндегі Кенесары Қасымұлы, Қостанай қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы, Ерейментаудағы Бөгенбай батырдың, ШҚО-дағы хакім Абай мен Шәкәрімнің, Алматыдағы Шоқан Уәлиханов, Дина Нұрпейісова, Əліби Жангелдин, Тоқаш Бокин, Ғани Мұратбаевтың ескерткіштерін жобалаған.

Профессор 89 жасына қараған шағында өмірден озды. 26 сәуір күні ғалым 89 жасқа толар еді.

Қ. Слямбек