Жылдың үздік суреттері

Жылдың үздік суреттері
Фото: "Ормандағы өрт", © Нуно Андре Феррейра

World Press Photo Contest жыл жеңімпаздарын жариялады. Байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен төрт мыңнан астам фотограф қатысты. Солардың ішінде  45 фотограф жұмысы арнайы сыйлықтарға ие болды. Әр суреттің астында фотограф басынан кешіп қана қоймай, соны жеткізе білген оқиға жатыр. Бірге жеңімпаздарға көз жүгіртейік. 

"Қоршаған орта" санаты бойынша америкалық фотограф Ральф Пэйстің "Калифорниялық  теңіз арыстаны маскамен ойнап жүр" атты суреті жеңіске жетті. 

"Заманауи мәселелер" санаты бойынша аргентиналық Пабло Тоско жеңіске жетті.

Суретте Фатима мен оның ұлы. Әйел өзінің тоғыз баласын асырау үшін балық аулап күнелтеді. Фатиманың туған ауылы Йемендегі қақтығыстан кейін бос қалған. Соған қарамастан Фатима туған ауылына балаларын асырау үшін қайта оралған. 

"Әлем жаңалықтары" санаты бойынша Мадс Ниссеннің "Алғашқы құшақ" атты суреті жеңіске жетті. 85 жастаға Роза карантиндегі бес айдан соң қарттар үйіндегі медбикемен құшақтасып тұр.

"Ұзақмерзімді жобалар" санатында италиялық фотограф Антонио Факсилингоның "Хабиби" суреті алғашқы орынды иемденді.

"Табиғат" санаты бойынша жеңіс Эми Витальдің  "Су басқан аралдағы жирафты құтқару сәті”  атты суретіне бұйырды. 

"Портрет" санаты бойынша алғашқы орындар мексикалық және ресей журналистеріне берілді.  

"Алғашқы көмек COVID-19", © Иван Масиас

Мексикалық фотограф бетінде маска мен қорғаныш көзілдірігенен ізі қалған дәрігерді суретке түсіріп алған. 

"Ұшу барысында", © Татьяна Никитина

Суретте әкесі аутизммен ауыратын қызымен бірге ұшақ ұшырып тұрған сәті бейнеленген.

"Спорт" санаты бойынша аустралиялық фотограф Адам Прэтти жеңіске жетті. 

Мюнхендегі жартасқа өрмелегіш залдары жабық кезінде, неміс спортшысы бөрене ағаштарда жаттығып жүр. 

"Шұғыл жаңалықтар" санаты бойынша америкалық Эвелин Хокштейннің ер адам мен әйел адамның арасындағы кикілжің бейнеленген сурет жеңіске жеткен. 

Т. Есқали