Сочи - 2014. Он бесінші күн қорытындысы

Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының аяқталуына небәрі бір-ақ күн қалды. Бүгін де Қазақстан құрамасының қоржыны майлана қоймады. Ал жарыс қожайындары 11-ші алтын жүлдесіне қол жеткізіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға көтерілді.

Бүгінгі күннің соңғы медальдар жиынтығы командалық жылдамдыққа конькимен жүгіру сайысында сарапқа салынды. Ерлер мен әйелдер арасында да нидерландылық спортшылар топ жарды. Жалпы Сочи ақ Олимпиадасындағы конькимен жүгіру спортында барлығы 12 медальдар жиынтығы сарапқа салынса, оның сегізін осы «Қызғалдақ елінің» өкілдері жеңіп алған екен. Қарсылас шақ келтірмеді десек болады. Ерлер мен әйелдер құрамасы да Олимпиада рекордын жаңартып алтын алқаны талассыз жеңіп алды.

Тау шаңғысы спортынан қиындықтар арқылы жүріп өту сынында австриялық Марио Матт жеңімпаз болып танылды. Күміс жүлде де оның жерлесі Марсель Хиршерге бұйырса, қоланы норвег Хенрик Кристофферсон жеңіп алды.

Хоккейден ерлер арасындағы қола жүлдеге талас кездесуінде АҚШ құрамасы Финляндиядан 5:0 есебімен ойсырай жеңілді. Алтын жүлдені ертең Канада мен Швеция құрамалары сарапқа салады. Ал төрткүл дүние төрт жыл күткен ақ Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты ертең өтеді. Сонымен қатар соңғы үш медальдар жиынтығы сарапқа салынады.

ОрынМемлекет    Алтын        Күміс        Қола    

    Барлығы    

1  Ресей 11 10 8 29 2  Норвегия 11 5 10 26 3  Канада 9 10 5 24 4  АҚШ 9 7 11 27 5  Нидерланды 8 7 9 24 6  Германия 8 6 5 19 7  Швейцария 6 3 2 11 8  Беларусь 5 0 1 6 9  Австрия 4 8 5 17 10  Франция 4 4 7 15 11  Польша 4 1 1 6 12  Қытай 3 3 2 8 13  Швеция 2 6 6 14 14  Чехия 2 4 2 8 15  Оңтүстік Корея 2 3 1 6 16  Словения 2 2 4 8 17  Жапония 1 4 3 8 18  Финляндия 1 3 1 5 19  Ұлыбритания 1 0 2 3 20  Украина 1 0 1 2 21  Словакия 1 0 0 1 22  Италия 0 2 6 8 23  Австралия 0 2 1 3 24  Латвия 0 1 2 3 25  Хорватия 0 1 0 1 26  Қазақстан 0 0 1 1

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.ru