Сочи - 2014. АҚШ қоржыны алтынмен толықты

Сочи - 2014. АҚШ қоржыны алтынмен толықты

Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы шаңғымен қиындықтар арқылы жүріп өту сайысынан АҚШ спортшысы Микаэла Шиффрин топ жарды. Осылайша өз құрамасының қоржынына тоғызыншы алтын медальды салды.

Бұл сындағы ақ Олимпиаданың алтынын жеңіп алған спортшының көрсеткіші 1 минут 44 секундты құрады. Күміс пен қола австриялық спортшылар Марлз Шильд пен Катрин Зеттельге бұйырды. Алғашқысы жеңімпаздан 53 милисекунд қалып қойса, соңғысы 81 милисекунд кешікті.

Естеріңізге сала кетсек, шорт-тректен 5000 метрге командалық эстафетада ерлер бақ сынайды. Қазақстан құрамасы Ресей, АҚШ, Қытай, Нидерланды құрамаларымен таласқа түседі. Сайыс жолына Денис Никиша, Нұрберген Жұмағазиев, Аслан Даумов, Абзал Әжғалиев, Айдар Бекжанов шығады. Тікелей эфирде "Хабар" арнасынан Астана уақытымен сағат 00:35-те тамашалай аласыздар. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sdelajstavku.ru

О. Сансызбай