Сочи - 2014. Канада тоғызыншы алтын жүлдесіне қол жеткізді

Сочи - 2014. Канада тоғызыншы алтын жүлдесіне қол жеткізді

Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасында керлингтен өткен ақтық сында Канада құрамасы Ұлыбританияны 9:3 есебімен тізе бүктірді. Осылайша "үйеңкі жапырақты" елдің өкілдері 9-шы алтын жүлдесіне қол жеткізіп, екінші орынға жайғасты. Қола жолындағы тартыста шведтер Қытай құрамасынан 6:4 есебімен басым түсті. 

Естеріңізге сала кетсек, шорт-тректен 5000 метрге командалық эстафетада ерлер бақ сынайды. Қазақстан құрамасы Ресей, АҚШ, Қытай, Нидерланды құрамаларымен таласқа түседі. Сайыс жолына Денис Никиша, Нұрберген Жұмағазиев, Аслан Даумов, Абзал Әжғалиев, Айдар Бекжанов шығады. Тікелей эфирде "Хабар" арнасынан Астана уақытымен сағат 23:55-те тамашалай аласыздар. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: sdelajstavku.ru

О. Сансызбай