Сочи - 2014. Биатлоншы қыздарымыз 12-ші орыннан көрінді

Сочи - 2014. Биатлоншы қыздарымыз 12-ші орыннан көрінді

Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында биталоннан әйелдер арасындағы биатлоннан 4х6 шақырымдық эстафеталық сында бақ Қазақстан құрамасының спортшылары 12-ші орыннан көрінді. Команда құрамында Елена Хрусталева, Галина Вишенвская, Дарья Усанова және Марина Лебедева бақ сынады.

Биатлонның бұл сынындағы ақ Олимпиаданың алтын медалы Украина елінің спортшыларына бұйырды. Осыған дейін бір қола жүлдесі бар украиндар қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті. Күмісті Ресей елінің намысын қорғаған биатлоншы қыздар жеңіп алса, қоланы Норвегия құрамасы иеленді.

Сонымен қатар хоккейден ерлер арасында финалға шыққан алғашқы құрама анықталды. Ол - Швеция құрамасы. Жартылай финалда шведтер Финляндия құрамасын 2:1 есебімен жеңді. Санаулы минуттардан кейін АҚШ пен Канада финал жолдамасын сарапқа салады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

О. Сансызбай