Сочи - 2014. Он екінші күн қорытындысы

Сочи ХХІІ қысқы Олимпидасының он екінші күнгі медальдар жиынтығы да өз иелерін тапты.  Ел намысын қорғаған жерлестеріміз спорттың  4 түрінен жарыс жолына шығып, діттеген мақсаттарына жете алмады.

Сноубордшы қызымыз Валерия Цой параллельді алып слалом бағдарламасы бойынша бақ сынап, іріктеу кезеңінен аса алмаса, шаңғышыларымыз Елена Коломина мен Анастасия Слонова да жарысты ерте аяқтады. Спринт сынында Алексей Полторанин мен Николай Чеботько сегізінші орынға тұрақтаса, биатлоннан аралас эстафеталық сында Қазақстан құрамасы 15-ші орыннан көрінді.

Он екінші күн қорытындысы бойынша Норвегия құрамасы жалпыкомандалық есепте алға шықты. Соңғы медальдар жиынтығы әйелдер арасында жұптық бобслейден сарапқа салынды. Алтын жүлде Канада қыздарына бұйырса, күміс пен қола АҚШ спортшы қыздарына бұйырды.

Сонымен қатар, бүгін ерлер арасында хоккейден жартылай финалға шыққан командалар белгілі болды. Жарыс қожайындары Финляндиядан 3:1 есебімен жеңілсе, Канада хоккейшілері Латвияны әрең жеңді. АҚШ құрамасы Чехияны 5:2 есебімен тізе бүктірсе, шведтер Словакияны 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Енді жартылай финалда Швеция – Финляндия, АҚШ – Канада құрамалары финалға жолдаманы сарапқа салады. 

ОрынМемлекет     Алтын        Күміс        Қола         Барлығы     1  Норвегия 9 4 7 20 2  Германия 8 3 4 15 3  АҚШ 7 5 11 23 4  Ресей 6 9 7 22 5  Нидерланды 6 7 9 22 6   Швейцария 6 3 1 10 7  Канада 5 8 4 17 8  Беларусь 5 0 1 6 9  Польша 4 0 0 4 10  Франция 3 2 5 10 11  Қытай 3 2 1 6 12  Швеция 2 5 4 11 13  Чехия 2 4 2 8 14  Австрия 2 2 1 5 15  Словения 2 1 4 7 16  Оңтүстік Корея 2 1 1 4 17  Жапония 1 4 2 7 18  Финляндия 1 3 0 4 19  Ұлыбритания 1 0 1 2 20  Словакия 1 0 0 1 21  Италия 0 2 5 7 22  Австралия 0 2 3 5 23  Латвия 0 1 2 3 24  Хорватия 0 1 0 1 25  Украина 0 0 1 1 26  Қазақстан 0 0 1 1

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport.gazeta.kz