Сочи-2014: сноубордтан жеңімпаздар анықталды

Сочи-2014: сноубордтан жеңімпаздар анықталды

Сочидегі 22-ші қысқы Олимпиада ойындарында параллельді алып слалом бағдарламасы бойынша жеңімпаздар анықталды...

Ресейлік Вик Уайлд ерлер арасында топ жарса, әйелдер арасында швейцариялық Патриция Куммердің бағы жанды. 

Финалдық сайыста ресейлік спортшы Швейцария елінің өкілі Невин Гальмариниді артта қалдырды. Қола жүлде словениялық Жан Коширге бұйырды. 

Әйелдер арасында күміс медальды жапон қызы Томоко Такеуч иеленсе, үшінші орынды Ресейдің спортшы қызы Алена Заварзина иемденді. 

Естеріңізге сала өтсек, ертеректе осы спорт түрінен Валерия Цой сынға түскен болатын. 25 жастағы ел спортшысы қос сайыс қорытындысы бойынша 1:54.57 уақыт көрсеткішімен 23-орынға табан тіреп, іріктеу сынынан аса алмап еді. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: winter.sport-express.ru 

Л. Лига