Сочи Олимпиадасындағы ең бай хоккейшілер

Сочи Олимпиадасындағы ең бай хоккейшілер

Forbes журналы Сочиде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарындағы құрама командалардың ең қымбат хоккейшілерінің тізімін жариялады. Сонымен мұз айдынындағы миллионер ойыншылармен таныса отырыңыздар.

1

Александр Овечкин

Елі: Ресей

Клубы: Washington Capitals, Ұлттық Хоккей Лигасы (ҰХЛ)

Табысы: $16,8 млн.

Овечкин Ресей құрамасы сапында алғаш рет 17 жасында «Динамо» (Мәскеу) хоккей клубының ойыншысы ретінде өнер көрсетті. Сол арқылы ол Ресей тарихындағы ең жас ойыншы атанған еді. Washington Capitals клубының капитаны 2008 жылы басшылықпен ҰХЛ тарихындағы рекордты болып тіркелген (13 жылға $124 млн) келісімшарт жасасты. Осылайша ол жылына клубтан $9,5 млн. жалақы алса, $7 млн. әртүрлі жарнамалардан (Nike, Procter & Gamble, Verizon, Coca-Cola, Bauer и Kraft Canada) түседі.

Ол ҰХЛ турниріндегі бірнеше спорт жүлделері мен титулдарынан бөлек, ол төрт мәрте (2007, 2008, 2009, 2011) барлық жұлдыздың матчына да қатысып үлгерді. Үш рет тұрақты чемпионаттың үздік сұрмергені (Maurice Richard Trophy) атағымен қоса, үш рет ең құнды ойыншы (Hart Memorial Trophy) болып та танылды.  

2

Сидни Кросби

Елі: Канада

Клубы: Pittsburgh Penguins (ҰХЛ)

Табысы: $16,5 млн.

2013-2014 жылғы маусымға клубпен жасалған келісім бойынша Кросби $12 млн. жалақы алмақ. Одан бөлек, соңғы кезде жиі алған жарақаттарына қарамастан, «пингвиндер» мен Канада ұлттық құрама командасының капитаны жарнама беруші компаниялардың арасында үлкен сұранысқа ие болып отыр. Мысалы, ол өткен жылдың қорытындысы бойынша Reebok, Bell, Gatorade және Tim Hortons компанияларынан жалпы сомасы $4,5 млн. cыйақы алған. Ал 2007 жылы Кросби Reebok-пен өзінің кимідерін (SC87) шығаруға келісімшарт жасасты. Осы бренд бойынша компания хоккейшінің атынан сырт киімдер, аяқ киімдер мен хоккейге арналған әртүрлі жабдықтар шығарады. Ол өз клубымен бірге 2009 жылы Стэнли Кубогын жеңіп алса, Канада құрамасы сапында 2010 жылы өз жерінде Олимпида чемпионы атанды.

3

Ши Уэбер

Елі: Канада

Клубы: Nashville Predators (ҰХЛ)

Табысы: $14,1 млн.

Ши Уэбердің «жыртқыштармен» 14 жылға есептелген келісімшарты оған $110 млн. табыс әкеледі. Ал 2013-2014 жылғы маусым үшін капитан клубынан бақандай  $14 млн. жалақы алса, жарнамалық жұмысы үшін компаниялар оған жылына $100 мың қаржы төлейді. Ши Уэбер де Кросби сияқты 2010 жылы командасымен бірге Олимпиада алтынын жеңіп алды.

4 

Зак Паризе

Елі: АҚШ

Клубы: Minnesota Wild (ҰХЛ)

Табысы: $12,8 млн.

Зак Паризенің клубтағы жалақысы $12 млн. құрайды. Одан бөлек, оған $800 мың Ralph Lauren, Chobani және Got chocolate milk компаниялары төлейді. Хоккейші қазір өтіп жатқан Сочидегі Олимпиада ойындарында АҚШ құрамасының капитаны ретінде өз елінің намысын қорғауда. Ол 2009 жылы барлық жұлдыздың матчына қатысты. Ал оның әкесі (ол да хоккейші) 1972 жылы Канада мен КСРО арасындағы суперсерия ойындарында сынға түскен екен.

5

Райан Сутер

Елі: АҚШ

Клубы: Minnesota Wild (ҰХЛ)

Табысы: $12,1 млн.

Сутер Minnesota Wild клубына 2012-2013 жылғы маусым басталар кезде бос агент ретінде келген (яғни, ешбір клуб оның басқа командаға ауысуына байланысты ақша төлемеген). Ол бірден жаңа клубымен 13 жылдық келісімшартқа қол қояды. Ол бойынша Сутер аталған уақыт аралығында $98 млн. табыс табатын болады. Жылына тек клубтан $12 млн. алса, $125 мың долларды Gillette компаниясы жарнама үшін төлейді. Қырыну станогінің жарнамалық ролигіне хоккейшінің барлық отбасы мүшелері түскен екен. Райан мен оның ағасы Гэри – Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері болса, ал оның әкесі Боб 1980 жылы АҚШ құрамасы қатарында Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанды.

6

Илья Ковальчук

Елі: Ресей

Клубы: СКА (Санкт-Петербург) Құрлықаралық Хоккей Лигасы (ҚХЛ)

Табысы: $11 млн.

Ресей құрамасының бұрынғы капитаны (қазір Павел Дацюк) Илья Ковальчук 2001 жылы ҰХЛ драфтында (жас хоккейшілердің ҰХЛ клубтарында ойнауға мүмкіндік беретін таныстыру кеші) бірінші нөмірмен таңдалған ресейлік алғашқы ойыншы саналады. Ковальчук 2010 жылы New Jersey Devils клубымен 15 жылға келісімге келді. Ол бойынша хоккейші клубтан $100 млн. жалақы алып тұратын болады. Алайда 2013 жылдың шілде айында ол ҰХЛ мансабын аяқтап, петерборлық СКА клубына келіп қосылды. Илья Ковальчук үш рет ҰХЛ барлық жұлдыздарының матчына қатысып, Maurice Richard Trophy (тұрақты чемпионаттың үздік мергені) жүлдесіне де ие алды. Сондай-ақ ол Канада – Ресей арасындағы 2008 жылы әлем чемпионатының финалдық матчында овертаймда шешуші шайбаны соғып, соның нәтижесінде оның отандық командасы араға 15 жыл салып, әлем чемпионы атағына қол жеткізді.

7 

Евгений Малкин

Елі: Ресей

Клубы: Pittsburgh Penguins (ҰХЛ)

Табысы: $9 млн.

Евгений Малкин Ұлттық Хоккей Лигасына 2006 жылы «Металлург» клубынан ауысып келді. Ал 2013 жылы ол Pittsburgh Penguins командасымен сегіз жылға есептелген ($76 млн.) келісімге отырды. Кейін Малкин Calder Trophy (маусымның үздік жаңа ойыншысы), Art Ross Trophy (тұрақты чемпионаттың үздік бомбардирі), Conn Smythe Trophy (плей-офф кезеңіндегі ең пайдалы ойыншы) және Ted Lindsay Award (хоккейшілердің ойынша үздік ойыншы) титулдарының иегері атанып үлгерді.  

2013 жылдың аяғына қарай ол Head&Shoulders-мен жарнамалық келісімге отырып, ол бойынша Малкин компанияның Сочи ойындарындағы елшісі атанды.  

8

Здено Хара

Елі: Словакия

Клубы: Boston Bruins (ҰХЛ)

Табысы: $8,5 млн.

Хара – ҰХЛ-дағы ең бойшаң (2,06 м) ойыншы болып саналады. Boston Bruins клубының капитаны айдында өткізген бір жыл уақыты үшін $8 млн. жалақы алады. Сондай-ақ оның клубпен жеті жылға есептелген келісімшарты хоккейшіге $45 млн. табыс әкелмек. Одан бөлек, ол жарнамалық келісімдерден жылына $500 мың қаржы табады. Хараның көмегіне сүйенген Boston Bruins 2011 жылы араға 29 жыл салып Стэнли Кубогын жеңіп алды. Ол алты рет ҰХЛ барлық жұлдыздарының матчына қатысып үлгерген. Ал 2009 жылы «чемпионаттың үздік қорғаушысы» атанды.

Хара жеті тілде (словак, чех, швед, орыс, неміс, поляк және ағылшын) еркін сөйлей алады екен.

10

Рик Нэш

Елі: Канада

Клубы: New York Rangers (ҰХЛ)

Табысы: $8 млн.

Нэштің жалақысы жылына $7,8 млн. құрайды. Оның Under Armour маркетингтік серіктесі ойыншығы жылына $150 мың төлейді. Нэш ҰХЛ барлық жұлдыздарының бес бірдей матчына қатысқан. Ал 2009 жылы қайырымдылық акциясына қатысқаны үшін ҰХЛ ойыншылары қауымдастығының жүлдесіне ие болды.

11 

Джонатан Тэйвз

Елі: Канада

Клубы: Chicago Blackhawks (ҰХЛ)

Табысы: $7,5 млн.

Ванкуверде өткен Олимпиада ойындарының үздік шабуылшысы Джонатан Тэйвздің жарнамалық табысы 2010 жылы ол өз клубының қатарында Стэнли Кубогы мен Конн Смайт Трофиді (2009-2010 жылғы маусымдағы ең бағалы ойыншы) жеңіп алғаннан соң бірден өсті. Мысалы, Blackhawks компаниясымен жасалған келісім бойынша жылына $6,3 млн. алса, Bauer Hockey, Canadian Tire, Chevrolet және Lemonhead компаниялары $1,2 млн. төлейді. Тэйвз Стэнли Кубогын екі рет (2010 және 2013 жылдарда) ұтып алса, ҰХЛ барлық жұлдыздарының матчына да екі рет (2009 және 2011 жылдар) қатысып үлгерген.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: forbes.ru

Б. Қосмағамбет