Сочи-2014: кореялық қыздар шорт-тректе топ жарды

Сочи-2014: кореялық қыздар шорт-тректе топ жарды

Оңтүстік Корея құрамасының қыздары Сочидегі 22-ші қысқы Олимпиада ойындарында 3000 метр қашықтыққа шорт-тректен әйелдер арасында өткен сайыста алтыннан алқа тағынып отыр. 

Ха-Ри Чо, Аланг Ким, Сын Хи Пак, Сук Хи Шим 4:09.498 уақыт нәтижесімен бірінші орынды иеленсе, екінші орын 4:10.641 уақыт нәтижесін көрсеткен Канада елінің өкілдеріне бұйырды (Мари-Эва Дроле, Джессика Хьюитт, Валери Мальте, Мариан Сен-Желе).

Үшінші орынды Италияның қыздары иемденді - 4:14.014. 

Оңтүстік Корея құрамасы Олимпиада ойындарында екінші алтынды иемденіп отыр. Команда қоржынында бір күміс пен бір қола медаль тағы бар.

Естеріңізге сала өтсек, бүгін кеште конькимен жүгіруде 10 000 метр қашықтыққа Дмитрий Бабенко шығадыЕл спортшысы осымен Сочидегі үшінші жарыс жолына шыққалы отыр. Ертеректе Дмитрий 5000 метр қашықтықта 15-орынды иемденсе, 1500 метр қашықтықта 30-орынды місе тұтқан болатын. Жарыс жолының басталуы Астана уақытымен сағат 19:00-ге жоспарланған.

Тізімде 14 спортшының аты аталады, біздің Бабенко неміс елінің өкілі Патрик Беккертпен жұптасып шықпақ екен.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: in.finance.yahoo.com 

Л. Лига