Дарья Домрачева үшінші рет топ жарды

Дарья Домрачева үшінші рет топ жарды

Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында биатлоннан әйелдер арасындағы масс-старт сынында беларуссиялық спортшы Дарья Домрачева үшінші алтын медалін жеңіп алды.

12,5 шақырымдық масс-старт сынында беларуссиялық қыз ұлттық құрамасының қоржынына төртінші алтынды салды. Ол бұл қашықтықты 35:25.6 минутта бағындырды. Осылайша Ресей жерінде өтіп жатқан ақ Олимпиаданың үш алтынын иеленген алғашқы спортшы болып отыр. Күміс чехиялық Габриэла Соукалова еншісіне тисе, қоланы норвег қызы Тирил Эгхофф жеңіп алды. Бұл спорт түрінен еліміздің спортшылары бақ сынаған жоқ. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport.mail.ru

О. Сансызбай