Сочи-2014: фристайлшыларымыз бірінші мүмкіндіктен финалға шыға алмады

Сочи-2014: фристайлшыларымыз бірінші мүмкіндіктен финалға шыға алмады

Сергей Берестовский мен Бағлан Іңкәрбек Сочи Олимпиадасында фристайлдың акробатика сайысы түрінен іріктеу кезеңінде сынға түскен болатын...

28 жастағы Сергей Берестовский 82.84 баллмен 16-орынға табан тіресе, 19 жастағы жерлесіміз Бағлан Іңкәрбек 60.16 баллмен 21-орынмен, яғни жарыс жолын соңғы болып аяқтады. Сол арқылы ел спортшылары бірінші сыннан сүрініп, екінші мүмкіндіктен бақтарын сынап көрмек.

Бір қоса кетерлігі, іріктеу кезеңінде 21 спортшы бақ сынап, оның ішінде алтауы бірден финалға жолдама алды. Бағы жанар тағы алты үздік осы уақытта анықталып жатыр. 

Акробатика, іріктеу кезеңі, финалға өткендер:

22 жастағы қытайлық Зоньянь Цзя - 118.59  баллмен

29 жастағы аустриялық Дэвид Моррис - 118.59  баллмен

30 жастағы швейцариялық Ренато Ульрих - 115.84 баллмен

23 жастағы қытайлық Гуанпу Ци - 113.57 баллмен

26 жастағы қытайлық Чао Ву - 110.62 баллмен

25 жастағы украиналық Олександр Абраменко - 109.50 баллмен

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: vorotila.ru

Л. Лига