Сочи Олимпиадасының жанкешті жанкүйерлері

Жанкүйерлік еткен жанашыр өз елі үшін өзегі талғанша кез келген ерлікке баруға әзір тұрады...

Өздерін сәндеп, үстеріне әлеміш киген жанкүйерлер бір сәтке спортты ұмыттырып, спорт сүйер қауымның көңіл-күйін көтерері анық.

Олимпиада жанкүйерлерінің жанкештілігіне қайран қалмасқа амал жоқ. Бетті бояу, бетперде тағу мен нешебір түрлі киімдер, өзгеше болмыс-бітімдер - қалыс қалған бірде-бірі жоқ.  Шыны керек, кейбір жанкүйерлердің ұсқыны адам қорқытады, енді бірі... күлкі келтіреді. 

Германия, АҚШ, Канада, Норвегия мен Ресей елінің өкілдері - Сочидегі ең белсенді әрі ұшқыр ойлайтын жанкүйерлер.

Қазақстан құрамасының жанкүйерлері қиын сәтте спортшыларымыздың жанынан табылады.

Сочи Олимпиадасының басты тренді - дәстүрлі орыс сарафаны мен әйелдер бас киімі (кокошник). 

Олимпиада ойындарының бойтұмарына айналған орыстың малақайы. Ресей құрамасының спортшылары ашылу салтанатында құлақшынмен шықты. 

Канадалық жанкүйерлер керлингтен жарыстарға бастарына тас қойып барған.

Нидерландықтар бастарына апельсин қоюға қысылмайды (қызғылт сары түс - Нидерландының ұлттық түсі). Жайдары көңіл-күйлерінен танбайтын нағыз жанкүйерлер.

Норвег жанкүйерлері викингтердің бас киімімен. Бұл ел Олимпиада ойындарында көш басында келеді.

Тапқырлық төңірегінде талассыз мықты АҚШ жанкүйерлері. Мысалы, хоккейден АҚШ-Канада жекпе-жегіне жанкүйерлердің бірі өз елінің туымен тұла бойын жасандырып келген. 

АҚШ-тың ендігі бір жанкүйері басына ірімшіктің бір түйірін... киіп алыпты. Туды ұмытпапты.

Патриоттық сезімі оянған американдық қыз.

Канада мен АҚШ құрамалары кездесуінде жанкүйерлер ерекше сәнденіп келіпті (хоккейден әйелдер арасында). Кеш соңына дейін олар тату-тәтті ауызбіршілік танытқан екен. Ойын қорытындысына қарамастан, бір-бірімен суретке түскендері болыпты. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: volgograd.kp.ru; lenta-ua.net; np.kz