Сочи-2014: Шаңғышыларымыз 13-орын алды

Сочи-2014: Шаңғышыларымыз 13-орын алды

Швеция құрамасының шаңғышылары Сочиде өтіп жатқан 22-ші қысқы Олимпиада ойындарында  4×10 шақырымға созылған шаңғы эстафетасында топ жарып отыр.

Швед елінің ерлері 1:28:42.0 уақыт көрсеткішімен бірінші орын алса, екінші орын Ресей құрамасына бұйырды (+27.3). Үшінші орынды Франция құрамасының ерлері иеленді (+31.9). 

Біздің шаңғышылар Денис Волоткин, Сергей Черепанов, Евгений Величко, Марк Старостин 1:34:11.9 уақыт көрсеткішімен 13-орынға (+5:29.9) табан тіреді. 

Естеріңізге сала отырсақ, бүгін конькимен жүгіруде Екатерина Айдова бақ сынайды. 1500 метр қашықтыққа жарыс жолы сағат 20:00-де басталады.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет:govorite.blogspot.com 

Л. Лига