Сочи - 2014. Симонова іріктеуден өте алмады

Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарындағы әйелдер арасында шорт-тректен 1500 метрлік қашықтықта ел намысын қорғаған Инна Симонова іріктеу кезеңінен аса алмады. Екінші алтылықта жарыс жолына шыққан жерлесіміз 2:30.499 уақыт көрсеткішімен төртінші болып келді. 

Жартылай финал сайыстары 17:15-те басталады. Ал естеріңізге сала кетсек, шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы финалдық кезеңге өткен болатын. Финалдық кезең олар үшін 21 ақпан күні басталады. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz