Сочи-2014: отандық спортшыларымыз жарыстың сегізінші күнінде

Сочи Олимпиадасының сегізінші жарыс күнінде ел атынан бес спортшы шығады.

Коньки тебу спортында төрт бірдей отандық спортшымыз бақ сынайды. Ерлер арасында 1500 метр қашықтықта жарыс жолына Денис Кузин, Николай Бабенко, Александр Жигин, Федор Мезенцев шығады. Тікелей көрсетілімді «Хабар» арнасынан Астана уақытымен сағат 19:00-де көре аласыздар.

Шорт-тректе 1500 метр қашықтықта Инна Симонова өнер көрсетеді. Іріктеу кезеңі Астана уақытымен сағат 16:00-де басталады. Жарысты KazSport арнасынан сағат 01:00-де мұрағаттан көруіңізге болады.

Дәл қазіргі таңда Қазақстан қоржынында бір қола медаль бар. Мәнерлеп сырғанаудан ел спортшысы Денис Тен қола жүлде иегері атанған болатын.

Естеріңізге сала өтсек, кеше өткен қысқа бағдарлама ұпайымен қоса есептегенде жерлесіміз Денис Тен үшінші орынға тұрақтады. Ол барлығы 255.10 ұпай жинады. Ал осы сында ел намысын қорғаған екінші спортшымыз Абзал Рақымғалиев қорытынды есепте 174.40 ұпаймен  22-ші орынды қанағат тұтқан еді.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: tengrinews.kz