Сочи - 2014. Жанбота бірінші финалдық кезеңге өтті

Сочи - 2014. Жанбота бірінші финалдық кезеңге өтті

Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарындағы әйелдер арасында фристайлдың акробатика сынында ел намысын қорғап жатқан Жанбота Алдабергенова мен Жібек Арапбаева үшін алғашқы іріктеу кезеңдері аяқталды. Алғашқысы бірінші финалдық кезеңге екінші іріктеу сынынан кейін өтсе, екінші спортшымыз жоғары нәтиже көрсете алмай, жарыс жолынан шығып қалды. Бірінші финалдық кезең 23:30-да басталады.

Санаулы минуттардан кейін мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы еркін бағдарламада жеңімпаздар анықталады. Кешегі қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша жапон Юдзуру Ханю көш бастап келеді, екінші орында - канадалық Патрик Чан. Ал испан спортшысы Хавьер Фернандес үздік үштікті қорытындылап тұр. Ел спортшысы Денис Тен тоғызынша орында, Абзал Рақымғалиев - 20-орын. Ерікті бағдарлама Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады, тікелей эфирде  KazSport пен "Хабар" телеарналары ұсынады. 

Трамплиннен секіруде іріктеу кезеңі өтеді. Онда Марат Жапаров пен Алексей Пчелинцев бақ сынайды. Басталуы: сағат 23:30-да.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

О. Сансызбай