Сочи-2014: Закурдаев 25-орынмен аяқтады

Сочи-2014: Закурдаев 25-орынмен аяқтады

27 жастағы ел спортшысы  Игорь Закурдаев  Олимпиада ойындарында уперкомбинация, шапшаң құлдилау" жарысында отыз мықты спортшының қатарына еніп отыр. 

Швейцария елінің өкілі Сандро Вилетта Олимпиада ойындарының чемпионы атанды - 2:45.20. Екінші үздік нәтижені хорват Ивица Костелич көрсетті (2:45.54). Қола жүлде италиялық Кристоф Иннерхоферге бұйырды (2:45.67)

Бірінші жарыс бөлігінде 37-орынға тұрақтаған Игорь Закурдаев "шапшаң құлдилау" сайысын 25-орынмен аяқтады. Ал Мартин Хубер 34-орынды місе тұтты.

Естеріңізге сала отырсақ, бүгін кеште мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы еркін бағдарламада жеңімпаздар анықталады. Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынща жапон Юдзуру Ханю көш бастап келеді, екінші орында - канадалық Патрик Чан. Ал испан спортшысы Хавьер Фернандес үздік үштікті қорытындылап тұр. Ел спортшысы Денис Тен тоғызынша орында, Абзал Рақымғалиев - 20-орын. Ерікті бағдарлама Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады, тікелей эфирде  KazSport пен "Хабар" телеарналары ұсынады.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: tengrinews.kz

Л. Лига