Сочи-2014: Полторанин жеңіс тұғырына көтеріле алмады

Сочи-2014: Полторанин жеңіс тұғырына көтеріле алмады

Дарио Колонья шаңғы жарысынан классикалық стильде 15 шақырымдық жарыс жолында жеңіс тұғырына көтеріліп отыр.

27 жастағы швейцариялық спортшы 38:29.7 уақыт көрсеткішімен бірінші орынды иеленсе, екінші орын мен үшін орын Швеция елінің өкілдері Юхан Ульссон (38:58.2) мен 31 жастағы Даниэль Ричардссонға (39:08.5) бұйырды. 

Отандық спортшымыз Алексей Полторанин 9-орыннан көрінді (39:43.2).  31 жастағы Николай Чеботько жарыс жолында 33-орынға тұрақтаса (41:14.1), 26 жастағы Евгений Величко 34-орынға қол жеткізді (41:16.4). 28 жастағы Ердос Ахмадиев 54-орынды місе тұтты (43:02.2).

Естеріңізге сала отырсақ, бүгін кеште биатлонда әйелдер арасында 15 шақырымға жекелей сын басталады. Отандық спортшыларымыз Елена Хрусталева осыдан төрт жыл бұрын Ванкувер Олимпиадасында осы қашықтықта күміс медальды иеленген болатын. Галина Вишневская, Дарья Усанова мен Алина Райкова да жарыс жолына шығады. Жарыстың басталуы Астана уақытымен сағат 20:00-де, тікелей эфирде KazSport арнасы көрсетеді. 

Мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы еркін бағдарламада жеңімпаздар анықталады. Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынща жапон Юдзуру Ханю көш бастап келеді, екінші орында - канадалық Патрик Чан. Ал испан спортшысы Хавьер Фернандес үздік үштікті қорытындылап тұр. Ел спортшысы Денис Тен тоғызынша орында, Абзал Рақымғалиев - 20-орын. Ерікті бағдарлама Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады, тікелей эфирде  KazSport пен "Хабар" телеарналары ұсынады. 

Шаңғы акробатикасында алғашқы жарыс жолы. Іріктеу кезеңінде ел атынан Жібек Арапбаева мен Жанбота Алдабергенова сынға түседі. Басталуы: Астана уақытымен сағат 19:45-те. KazSport арнасы 15 ақпан күні, 09:40-та мұрағаттан көрсетеді. 

Трамплиннен секіруде іріктеу кезеңі өтеді. Онда Марат Жапаров пен Алексей Пчелинцев бақ сынайды екен. Басталуы: сағат 23:30-да.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: tengrinews.kz 

Л. Лига