Сочи-2014: Қытай алғашқы алтынына қол жеткізді

Сочи-2014: Қытай алғашқы алтынына қол жеткізді

Цзяжоу Ли Сочиде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында шорт-тректен әйелдер арасында 500 метр қашықтықта алтыннан алқа тақты.

Қытай спортшысы бірінші орынды иеленсе (45.263), екінші орын италиялық Арианна Фонтанаға бұйырды (51.250). Оңтүстік кореялық Сын Хи Пак қола жүлдеге қол жеткізді (54.207).

Ертеректе шорт-тректен еліміздің ерлер құрамасы Сочиде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында 5000 метр қашықтықта финалдық кезеңге шыққан болатын. Отандық спортшыларымыз Абзал Ажғалиев, Айдар Бекжанов, Денис Никиша мен Нұрберген Жұмағазиев берілген қашықтықта екінші нәтижені көрсетіп еді - 6:47.152. 

Естеріңізге сала кетсек, мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарлама бойынша спортшылардың алғашқы өнер көрсетулері бүгін Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады. Абзал Рақымғалиев пен Денис Тен өнер көрсетеді. Ал еркін бағдарлама сындары ертең дәл осы уақытта өз жалғасын табатын болады. Тікелей эфирде «KazSport» арнасынан тамашалай аласыздар!

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: news.parimatch.com

Л. Лига