Сочи-2014: АҚШ елінің өкілдері үш орынды да алды

Сочи-2014: АҚШ елінің өкілдері үш орынды да алды

Американдық фристайлшы Джосс Кристенсен Сочиде өтіп жатқан 22-ші қысқы Олимпиада ойындарында слоупстайлдан ерлер арасында өткен финалдық сайыста жеңімпаз атанып отыр. 

Кристенсеннің өнері қазылар алқасының бағалауымен 95.80 баллға ие болды. Екінші орында - 19 жастағы Гус Кенворт (93.60 балл). Ал 19 жастағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2013) Николас Геппер қола жүлдені алды (92.40).

Естеріңізге сала отырсақ, бүгін сағат 17:31-де ерлер арасында 5000 шақырымға жарыс жолында еліміздің шорт-трекшілері бақ сынамақ. Тікелей көрсетілімді KazSport арнасынан көруге болады.

20:00-де ерлер арасында биатлоннан 20 шақырымға созылған жекелей сын басталады. Отандық спортшыларымыз Ян СавитскийАнтон ПантовСергей Наумик және Александр Трифонов өнер көрсетеді.

Сонымен бірге, сағат 20:00-де әйелдер арасында 1000 метр қашықтыққа коньки тебу жарысы басталады. Еліміздің атынан Екатерина Айдова жарыс жолына шығады. 

21:00-де ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудан Абзал Рақымғалиев пен Денис Тен өнер көрсетеді. Бір айта кетерлігі, Денистен осы күні көпшілік қазақстандықтар медаль күтуде. Тікелей көрсетілім KazSport арнасынан.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: russiasport.ru 

Л. Лига