Сочи-2014: отандық спортшыларымыз жарыстың алтыншы күнінде

Сочи-2014: отандық спортшыларымыз жарыстың алтыншы күнінде

Сочиде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарының алтыншы күні алты алтын, күміс, қола медаль иелері анықталады. Медальдар мынадай спорт түрлері арасында сарапқа салынады: биатлон, коньки тебу спорты, фристайл, шана спорты мен шорт-трек және тау шаңғысы.

Отандық спортшыларымыз бүгін биатлон, коньки тебу спорты, шорт-трек пен тау шаңғысы, мәнерлеп сырғанауда сынға түседі.

Сағат 16:00-де әйелдер арасында он шақырымға классикалық стильмен шаңғы жарысы басталады. Қазақстан құрамасының атынан Татьяна ОсиповаЕлена Коломина мен Анастасия Слонова өнер көрсетеді. Тікелей көрсетілімді "Хабар" телеарнасынан тамашалай аласыздар.

17:31-де ерлер арасында 5000 шақырымға жарыс жолында еліміздің шорт-трекшілері бақ сынамақ. Тікелей көрсетілімді KazSport арнасынан көруге болады.

20:00-де ерлер арасында биатлоннан 20 шақырымға созылған жекелей сын басталады. Отандық спортшыларымыз Ян СавитскийАнтон ПантовСергей Наумик және Александр Трифонов өнер көрсетеді.

Сонымен бірге, сағат 20:00-де әйелдер арасында 1000 метр қашықтыққа коньки тебу жарысы басталады. Еліміздің атынан Екатерина Айдова жарыс жолына шығады. 

21:00-де ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудан Абзал Рақымғалиев пен Денис Тен өнер көрсетеді. Бір айта кетерлігі, Денистен осы күні көпшілік қазақстандықтар медаль күтуде. Тікелей көрсетілім KazSport арнасынан.

Орын    Мемлекет      Алтын      Күміс      Қола      Барлығы   
1 Германия Германия 6 1 1 8
2 Канада Канада 4 4 2 10
3 Норвегия Норвегия 4 3 5 12
4 Нидерланды Нидерланды 4 2 4 10
5 США АҚШ 3 1 5 9
6 Швейцария Швейцария 3 0 1 4
7 Россия Ресей 2 4 3 9
8 Австрия Австрия 1 4 0 5
9 Словения Словения 1 1 2 4
10 Франция Франция 1 0 2 3
11 Южная Корея Оңтүстік Корея   1 0 0 1
11 Польша Польша 1 0 0 1
11 Словакия Словакия 1 0 0 1
11 Беларусь Беларусь 1 0 0 1
15 Швеция Швеция 0 3 1 4
16 Япония Жапония 0 2 1 3
16 Чехия Чехия 0 2 1 3
18 Италия Италия 0 1 1 2
19 Австралия Аустралия 0 1 0 1
19 Китай Қытай 0 1 0 1
19 Финляндия Финляндия 0 1 0 1
22 Украина Украина 0 0 1 1
22 Великобритания Ұлыбритания 0 0 1 1
22 Латвия Латвия 0 0 1 1

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: tengrinews.kz

Л. Лига