Сочи - 2014. Елена мен Дарья жүлдеге іліге алмады

Сочи - 2014. Елена мен Дарья жүлдеге іліге алмады

Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарындағы әйелдер арасында биатлоннан 10 шақырымға созылған ізге түсу жарысында Елена Хрусталева мен Дарья Усанова жоғарғы нәтижеге қол жеткізе алмады. Нәтижесінде 2010 жылғы Ванкувер Олимпиадасының күміс жүлдегері 37-ші орыннан, ал 24 жастағы жерлесіміз 41-ші орыннан көрінді.

Биатлоннан өткен 10 шақырымдық сайыста беларуссиялық спортшы Дарья Домрачеваның жұлдызы жанды. Күмісті норвегиялық биатлоншы Тура Бергер иеленсе, қоланы словениялық спортшы Тея Грегорин өз елінің қоржынына салды. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

О. Сансызбай