Бөлме есігін сындырған спортшы енді лифтіде қалып қойды

Бөлме есігін сындырған спортшы енді лифтіде қалып қойды

Cочидегі 22-ші қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы америкалық бобслеист өз бөлмесіндегі душ есігін сындыруға мәжбүр болғаны туралы жазған болатынбыз. Енді Джонни Куинн кеше жолдасымен лифтіде қалып қойыпты. Қазіргі таңда спортшы көпшіліктің назарын өзіне аударып та үлгерді.

Лифтіде қалып қойған спортшы көмекке ешкім келмегенін айтуда. Соңынан бар күшін салып, лифт есігін өзі ашыпты. Алайда сындыруға шамасы жетпеген көрінеді... Бір жағынан алып қарасаң, "атың шықпаса жер өрте" деген мағынаға да келіп саятындай...

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: lenta-ua.net

О. Сансызбай