Сочи - 2014. Дмитрий Рейхард 5-орыннан көрінді

Сочи - 2014. Дмитрий Рейхард 5-орыннан көрінді

Сочидегі ХХІІ қысқы Олимпиадада ерлер арасында фристайлдың могул сайысы бойынша сынға түскен қазақстандық Дмитрий Рейхард бесінші орынды иеленді. Осыған дейінгі ел намысын қорғаған спортшыларымыздың арасындағы ең үздік көрсеткішті көрсетіп отыр.

24 жастағы жерлесіміз медаль жолында барын салды. Десе де азулы қарсыластар мықтылығын танытып кетті. Олимпиаданың алтын алқасы мен күмісі канадалық спортшылар Александр Билодо мен Микаэль Кингсбериге бұйырды. Қола жарыс қожайындарының спортшысы Александр Смешляев еншісіне жазылды. Осылайша 3 алтын 3 күміс 1 қола иеленген Канада құрамасы жалпыкомандалық есепте Нидерландыны артқа тастады.

Дәл осы спорт түрінде бүгін үш спортшымыз сынға түскен болатын. Алайда Дмитрий Бармашов іріктеуден аса алмаса, 17 жастағы отандасымыз Павел Колмаков екінші финалдыққа кезеңге дейін сүрінбей өтіп, 10-шы орынды иеленді. 

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: altaynews.kz 

Л. Лига