Сочи - 2014. Роман Креч 7-орын алды

Сочи - 2014. Роман Креч 7-орын алды

Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында конькимен 500 метрге жүгіру сынында жерлесіміз Роман Креч жетінші орынды иеленді.

24 жастағы қазақстандық спортшы бұл сында өзін керемет көрсете білді. Алғашқы кезеңде 500 метрді 35,04 секунд нәтижесімен бағындырса, екінші кезеңде 35,00 секунд көрсеткішін көрсетті. Десе де азулы қарсыластар алдын орап кетті. 500 метрлік қашықтықтағы Олимпиаданың үш бірдей жүлдесі де нидерландылық конькишілерге бұйырды. Алтынды Михел Мюлдер 69,31 көрсеткішімен жеңіп алса, күміс Ян Смеекенске (69.32), қола Роналд Мюлдерге (69.46) бұйырды. Егіз Мюлдерлердің жұлдызы жанды. Осылайша Нидерланды құрамасы 3 алтын, 2 күміс, 2 қола медальмен көш бастады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.ru

О. Сансызбай