Сочи-2014. Канада қоржынына кезекті алтын түсті

Сочи-2014. Канада қоржынына кезекті алтын түсті

Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында шорт-тректен 1500 метрлік қашықтықтағы медальдар өз иелерін тапты. Бұл сынды канадалық 29 жасар спортшы Шарль Амлен бағындырды. 

Шарль Амлен жалпы қашықтықты 2:14.985 минут көрсеткішімен бағындырып, Олимпиада алтынын иеленді. Күміс қытайлық Тьянию Ханьға бұйырса, қоланы жарыс қожайындарының намысын қорғаған Виктор Ан жеңіп алды. Оның көрсеткіші 2:15.062 минут көрсеткішті құрады. 

Естеріңізге сала кетсек, 1500 метрлік шорт-трек сайысында ел намысын қорғаған Айдар Бекжанов пен Денис Никиша іріктеу кезеңінен өте алмай қалған болатын. Нәтижесінде алғашқысы 29-шы, екіншісі 31-ші сатыдан көрінді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: peoples.ru

О. Сансызбай