Сочи-2014: Инна алғашқы айналымнан аса алмады

Сочи-2014: Инна алғашқы айналымнан аса алмады

Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарында отандасымыз Инна Симонова шорт-тректен 500 метрге әйелдер арасында жарыс жолына шыққан болатын...

23 жастағы отандық спортшымыз өз тобында төртінші нәтижені көрсетті - (44.387). Сол арқылы Инна келесі кезеңге өте алмады. 

Естеріңізге сала отырсақ, 19:00-де конькишілер 500 метр қашықтыққа жарысы жолына түседі. Қазақстан атынан Роман Креч бақ сынайды. 
 
20:00-де ерлер арасында моглу бағдарламасының іріктеу кезеңінен шығуға Дмитрий РейхердПавел Колмаков пен Дмитрий Бармашов мүмкіндік алып көреді. Жарысты KazSport арнасынан көре аласыздар. 

Қазақстан құрамасынан Елизавета Аксенова шана спортынан жарыс жолына шығады. Басталуы: сағат 20:45-те. 

Отандық биатлоншыларымыз Ян Савицкий пен Сергей Наумик жүлде үшін таласқа түседі. Тікелей көрсетілімді KazSport арнасынан көре аласыздар.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: sochi2014.com

Л. Лига