5000 метрге конькимен жүгіру: Д.Бабенко 15 орынға тұрақтады

5000 метрге конькимен жүгіру: Д.Бабенко 15 орынға тұрақтады

Жаңа ғана Сочиде аяқталған ерлер арасындағы 5000 метрге конькимен жүгіру жарысында Қазақстан құрамасының үздік спортшыларының бірі Дмитрий Бабенко жалпы есепте (6:28.26 уақытымен) 15 орынға ие болды. 

Ал жарыстың жүлдегерлерінің барлығы да Нидерланды елінен болғанын айта кетейік, Сонымен алтын медальды Олимпиада рекордын жаңартқан (6:10.76) Свен Крамер еншіледі. Күміс 24 жасар Ян Блокхейсенге бұйырса (6:15.71), қола медаль тағы да бір голландиялық спортшы Йоррит Бергсмада (6:16.66). 

Енді қалған Кузин, Жигин, Мезенцев үштігі жарыс жолына 12 ақпан күні шығатын болады. Олардың ішінде әсіресе былтырғы жылы дәл осы аренада алтын еншілеп, әлем чемпионы атанған Денис Кузинге Федерация тарапынан үлкен үміт артылып отыр. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: sochi2014.rsport.ru

Б. Қосмағамбет