Сочи-2014: Алғашқы алтын АҚШ-қа бұйырды

Сочи-2014: Алғашқы алтын АҚШ-қа бұйырды

Сочидегі 2014 жылғы XXII қысқы Олимпиада ойындарында американдық Сейдж Котсенбург сноубордтан слоупстайл бағдарламасының жеңімпазы атанды.

АҚШ-тың атынан қатысқан 20 жастағы Сейдж Котсенбург (93.50) бас жүлдені еншілесе, норвегиялық Стаале Сандбех (91.75) күміс орынды, канадалық Марк Макморрис (88.75) қола жүлдені қанжығалады. 

Естеріңізге сала отырсақ, бүгін могулдан әйелдер арасында жартылай финал мен финал өтеді. Финалға шыққан отандық спортшымыз Юлия Галышева жүлделі орынға таласатын болады. Финал алдындағы жартылай финалда қазақ елінің тағы бір спортшысы Дарья Рыбалова финалдық кезеңге өтуге мүмкіндік алып көреді. Жартылай финалды Астана уақытымен 21:55-те, тікелей эфирде KazSport телеарнасынан тамашалай аласыздар. Финалды 23:55-те  KazSport пен "Хабар" телеарналары көрсетеді.

Шаңғышылар алғашқы жарыс жолына түседі. Әйелдер арасында скиатлонда Қазақстан атынан Татьяна Осипова, Анастасия Слонова және Елена Коломина өнер көрсетеді. KazSport телеарнасынан сағат 15:50-де көре аласыздар.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: sochi2014.com

Л. Лига