Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / Сочи-2014 / Сочиде Ердос Ахмадиев ту ұстап шығады

Сочиде Ердос Ахмадиев ту ұстап шығады

Сочиде Ердос Ахмадиев ту ұстап шығады

Сочиде өтетін қысқы олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан туын ұстап шығатын спортшының есімі белгілі болды.

14 қаңтарда шаңғы спортынан Қазақстан чемпионатының алғашқы кезеңі басталады. Ел біріншілігіне Алексей Полторанин секілді мықты шаңғышылар қатысады деп күтілуде. Алексей жекелеген бәсекеде бақ сынайды. Жарыс алдында Шаңғы спортынан ұлттық құраманың бас бапкері Александр Батяйкин, спортшылардан Николай Чеботько және Ердос Ахмадиевтердің қатысуымен баспасөз мәжілісі өтті. Жиында Сочиде өтетін қысқы олимпиада ойындарының ашылу салтанатында ел құрамасының туын ұстау құрметі Ердос Ахмадиевке табысталды.

Ел біріншілігінің негізгі кезеңі 15 қаңтарда басталады. Ал 16 қаңтарда жекелеген спорт түрлерінен Украина, Түркия елінің спортшыларымен сынға түсеміз.

Елдос Ахмадиев жаңа ғана Sports.kz сайтына берген сұхбатында: "Мен бұл жаңалықты бас бапкерімнен естідім. Әрине алғашқыда таң қалдым. Бұл - мен үшін үлкен қуаныш. Бұндай сенім артқаны үшін алғыс айтамын, әрі ақтауға тырысамын. Ертең шаңғы спортынан Қазақстан чемпионаты басталады. Мен үшін ең бастысы Сочидегі олимпиада ойындары. Ал ел біріншілігін жарыс алдындағы үлкен дайындық деп есептеймін", - деген ойымен бөлісті. 

Ердос әлем чемпионаттары мен Азия ойындарына қатысқан, Сочиде бірнеше қашықтықта жарысқа шығады.

Естеріңізге сала кетсек, Ванкуверде өткен қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан туын биатлоншы Диас Кенешев ұстаған болатын. Сочиде жалауын көтеретін қысқы Олимпиада ойындары ағымдағы жылдың 6-23 ақпан аралығында өтетінін қаперлеріңізге береміз.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: Vesti.kz

Дайындаған: Шерхан Талап
Қосылған күні: 13 қаңтар 2014, 16:12
Пікірлер
+0
13 қаңтар 2014, 17:36

Полтаранин ұстау керек еді. Өйткені оның еңбегі көп кой. Айтар едім Қазақстандағы қысқы спорт түрінен жүлденің деңі осы алаып келеді емеспе?. Сондықтан бұл жерде қазақ орыс демей нағыз мықты спортшы ұстау керек.

+0
13 қаңтар 2014, 19:24

Бірақ уже шешіліп қойды)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.