Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Арнайы жобалар / РИО-2016 / Қазақ спортының Рио Олимпиадасындағы 7 жетістігі

Қазақ спортының Рио Олимпиадасындағы 7 жетістігі

Қазақ спортының Рио Олимпиадасындағы 7 жетістігі

Төрткүл дүние көз тіккен Рио-де-Жанейродағы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындары да аяқталды. Елімізден аттанған 104 спортшының 17-сі жүлделі орыннан көрініп, ел мерейін асырды.

Рио Олимпиадасы қазақ спорты үшін Лондондағыдай толағай табысқа толы болмаса да, ірі жетістіктерден кенде болған жоқ. Бәлкім, ел үміт артқан ауыр атлеттер толық құрамда қатысқанда төрт жыл бұрынғы нәтижемізді де басып озар ма едік?... Амал қанша? Бұйырғаны 3 алтын 5 күміс 9 қола медаль болды. Мұны төмен көрсеткіш деп бағалай алмаймыз. Мұның өзі – жетістік! Олай болса, қазақ спортының Риодағы жетістіктеріне қысқаша тоқтала кетейік.

Қазақ еліне күтпеген сый жасаған талант

Олимпиада ойындарында жанкүйерлер күтпеген нәтижелер қатарына жүзгіш Дмитрий Баландиннің жетістігін бірінші болып қосуға болады. Отандасымыз 200 метрге брасс әдісімен жүзуде нағыз ерлік жасады. Әлем жұртшылығы қазақстандық спортшының жетістігіне сене алмай, таңдай қағысты. Тіпті, Дмитрийдің өзі де Олимпиада чемпионы атанғанына басында сенбегенін жасырған жоқ.

Дмитрий Баландин – қазақ спортының тарихында жүзу спортынан Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш спортшы. Осыған дейін бұл спорт түрінен отандастарымыз жүлделі орыннан көрінбей келген еді. Дмитрий осының алғышартын жасады. Енді елімізде жүзу спортына мән беріліп, жасөспірімдердің де қызығушылығы артары сөзсіз.

Қазақстандық спортшы Риоға дейін де халықаралық жарыстардағы жүлделерден құр алақан емес еді. 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында 50, 100 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуде алдына жан салмаған. 2015 жылы Кванджудағы Универсиадада 50 метрге брасс әдісімен жүзуде – алтын, 100 метрлікте қола алған болатын.

Дмитрий Баландин – Алматы өңірінің тумасы. 21 жастағы қазақстандық спортшының алар асуы мен жетер жетістігі алда деп білеміз. Бүгінде спортшыны белгілі маман Алексей Казаков жаттықтырады. 8 жасынан бастап жүзу спортымен шұғылдана бастаған Дмитрий төккен тер мен жаттығуларының жемісін көрді. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек айтпақшы, «бір түнде жастардың кумиріне айналған спортшы» болып шыға келді.

Қазақстан жүлделер саны бойынша рекорд орнатты

Қазақстан құрамасы Олимпиададағы жүлделер саны бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізді. Барлығы 17 медаль жеңіп алды. Нәтижесінде осыған дейінгі жүлделер саны бойынша рекордын жаңартты. Сондай-ақ жүлделер саны бойынша түзілген рейтингте 17-орын алды.

Отандастарымыз төртжылдықтың басты додасына 1996 жылдан бері қатысып келеді. Сол жылы Атлантада өткен Олимпиадада 11 медаль (3 алтын, 4 күміс және 4 қола) иеленді. 2000 жылы Сиднейде - 7 медаль (3 алтын, 4 күміс), 2004 жылы Афиныда - 8 медаль (1 алтын, 4 күміс, 3 қола), 2008 жылы Бейжіңде - 13 медаль (2 алтын, 4 күміс, 7 қола) жеңіп алған болатын. Ал 2012 жылы Лондонда өткен төртжылдықтың додасы қазақ спорты үшін табысты болған еді. Мұнда қазақстандық спортшылар 13 медаль (7 алтын, 1 күміс, 5 қола) жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 12-орынға тұрақтаған-ды.

Қазақ қыздары тұңғыш рет Олимпиадада жүлдегерлер қатарынан көрінді

Олимп шыңы осыған дейін қазақ қыздарына бұйырмай келген еді. Риода бұл бақыт бұйырды. Алғаш болып бұл жетістікті ауыр атлет Жазира Жаппарқұл бағындырды. 69 келіге дейінгі салмақта Олимпиаданың күміс жүлдесін жеңіп алды. Кейіннен бұл жолды балуан қыз Эльмира Сыздықова мен боксшы Дариға Шәкімова жалғады.

Екі Олимпиадада жүлде алған төрт спортшы

Лондонда жүлде алған боксшылар Әділбек Ниязымбетов пен Иван Дычко өз жетістіктерін қайталады. Әділбек Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері атанса, Иван екі дүркін қола жүлдегер атанды.

Үш қарғып секіруден төрт жыл бұрын Олимпиада чемпионы атанған Ольга Рыпакова Риода қола медаль алды. Спортшының бұл нәтижесіне қазақстандық жанкүйерлер қуанбаса, реніш білдірген жоқ. Себебі Лондон Олимпиадасынан кейінгі аралықта дүниеге ұл бала әкеліп, спорттан біраз уақытқа қол үзген еді. Кейіннен қайта дайындығын бастап, Риода қола медальға қол жеткізудің өзі жеңіспен пара-пар.

Еркін күрестен Гюзель Манюрова Олимпиаданың алтынына таласты. Алайда шешуші сында отандасымызға сәттілік жетіспеді. Нәтижесінде екі Олимпиада қатарынан ел қоржынына жүлде салды. Лондонда қола жүлдегер атанған болатын. Ал 2004 жылы Ресей атынан шығып, ол жолы да күміс жеңіп алған еді. Риодағы жетістігінен спортшы сұқбаттарының бірінде:

- Ресейге алғысым (көзіне жас алып) шексіз. Олар мені Бейжің Олимпиадасына алмады. Сол үшін көп раxмет. Себебі Ресейге ренжіп, мен Қазақстанға кетіп қалдым. Сөйтіп осы елге ғашық болдым. Қазақстанға көшуге түрткі болғаны үшін Ресейге алғысым шексіз. Қазақстан– менің Отаным" – деді.

Алтынға бергісіз күміс немесе қазақ боксшылары намысты қолдан берген жоқ

Риода даулы оқиғалардың бірі – Василий Левит пен Евгений Тищенко арасындағы жекпе-жек болды. Қазақстандық спортшының басымдығын әлем жұртшылығы көрді. Көпшілігі әділетсіздік деп бағалады.

Төрешілер шешіміне теледидарға телмірген қазақстандық жанкүйерлердің разы болмағаны айдан анық. Ал боксты көріп отырған залдағы көрермендер тіпті наразылығын білдіріп, айқайға басты. Марапаттау сәтінде де залдағылар "Қазақстан, Қазақстан!" - деп ұрандатты. Бұл - Василийдің жарқын жеңісінің бір көрінісі деп бағалауға болады. Ал жекпе-жекті қайта қараған AIBA төрешілердің дұрыс шешім қабылдағанын алға тартып отыр. Ал қазақ жанкүйерлері үшін Василий Левиттің күмісі алтынға бергісіз.

Василий Левит 91 келіге дейінгі салмақта Олимпиада ойындарына барған тұңғыш қазақстандық боксшы. 28 жастағы отандасымыз Қостанай облысы, Федоровка ауылының тумасы. Осыған дейін әуесқой бокста талай ірі жетістіктерге қол жеткізді. Екі дүркін Азия чемпионы (2009, 2015), екі рет ел біріншілігінде (2009, 2011) топ жарған.

Риодағы Олимпиада ойындарында қазақ боксшылары төмен нәтиже көрсетті деп айта алмаймыз. Қайрат Ералиевтің алғашқы кездесуі әлем назарын аударды. Мұхамед Әлидің стиліндегі өнерін танымал басылымдардың өзі жоғары бағалады. Бірақ өзбек боксшысы Муроджон Ахмадалиевке қарсы жекпе-жекте ширақ жұдырықтасқанмен, төрешілер қарсыласына жеңісті берді. Ал Олжас Сәттібаевтың әзірбайжан боксшысы Эльвин Мамишзадеге қарсы жекпе-жегі де төрешілер тарапынан күмәнді бағаланды.

69 келіге дейінгі салмақта соңғы үш Олимпиада бойы қазақ боксшылары топ жарып келеді. 2008 жылы Пекинде Бақыт Сәрсекбаев, 2012 жылы Серік Сәпиев, Риода Данияр Елеусінов жеңіс тұғырынан көрінді. Тіпті, бұл қатарға 2004 жылы Афиныда өткен Олимпиада ойындарында чемпион атанған Бақтияр Артаевтың да жеңісін қоссақ болады. Бірақ ол кезде қазақстандық боксшы 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған еді. Бір сөзбен айтқанда, күрзі жұдырықты жігіттеріміз намысты қолдан берген жоқ.

Күрес түрлерінен әйелдер құрамасы ерледі

Күрес түрлерінен еліміздің ерлер құрамына жүлде бұйырмады. Есесіне еркін күрестен әйелдер құрамасы жоғарғы жетіктікке жетті. Төрт балуанымыздың үшеуі жүлделі орыннан көрінді. Қайрат Сағадиев жаттықтыратын қыздар жоғарғы дайындықпен барғандарын байқатты. Ә дегеннен тәжірибелі балуан Гюзель Манюрова финалға шықса, Элмира Сыздықова мен Екатерина Ларионова қола жүлдегер атанды. Ал жүлдеге ілікпей қалған Жұлдыз Ешімованың өзі қолаға таласта қарсыласына жол беріп, бесінші орын алды. Нәтижесінде әйелдер құрамасы бұрын-соңды жетпеген жетістігін бағындырды.

Ниджат Рахимов әлем рекордын жаңартты

Қазақстан құрамасының қоржынына алғаш болып алтын медаль салған Ниджат Рахимов чемпион атанып қана қоймай, әлем рекордын жаңартты. 77 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған спортшы серпе көтеруде 214 келіні басынан асырды. Бұл рекордтық көрсеткіш болатын.

Ниджат Рахимов Қазақстан құрамасына Әзірбайжаннан келген легионер спортшы. Ол 2010 жылы аталған елдің туының астында жасөспірімдер Олимпиадасында чемпион атанған. 2013 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші орын алса, Қазандағы Универсиадада жолы болмаған. Неджаттың Қазақстан құрамасы сапына қосылатыны туралы ақпарат алғаш рет 2014 жылы айтылып, сол жылы командаға қосылған еді.

Осылайша Риодағы жетістігімізді аз-кем саралап шықтық. Төрт жылдан кейін Токиода өтетін додада бұдан да жоғары жетістікке жетеді деген сенімдеміз. Көк Туымыз биікте қалқып, Әнұранымыз жеңісті күндерде шырқала берсін.

Фото: Данияр Майлыбаев, rio2016.com
Қосылған күні: 22 тамыз 2016, 16:41

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.