Ғалымжан Өсербаев Олимпиаданың жартылай финалына шықты

Ғалымжан Өсербаев Олимпиаданың жартылай финалына шықты
Фото: vesti.kz

Қазақстандық балуан Ғалымжан Өсербаев Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты. Жартылай финалда отандасымыз ирандық Хассан Алиазаммен белдеседі.

74 келіге дейінгі салмақта белдесетін отандасымыз бірінші кездесуінде молдовалық Евгений Недялконы айқын басымдықпен ұтты. 1/8 финалда Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері кубалық Ливан Лопеспен белдесіп, 8:7 есебімен айласын асырды. Ширек финалда жапон балуаны Сосуке Такатанимен кездесіп, бірінші кезеңде қарсыласына 2:0 есебімен жеңіліп шықты. Екінші кезеңде намысқа тырысқан отандасымыз қарсыласын 4:3 есебімен жеңіп, жартылай финалға өтті.

Айта кетейік, осыған дейін 57 келіге дейінгі салмақта Нұрислам Сана бірінші белдесуінде грузин Владимир Хиншегашвилиден жеңілген еді. Енді грузин балуаны финалға шығатын болса, отандасымызға қола медальға таласуға жол ашылады. 

О. Сансызбай