Данияр Елеусіновтің қазақ еліне қуаныш сыйлаған жекпе-жегі (видео)

Данияр Елеусіновтің қазақ еліне қуаныш сыйлаған жекпе-жегі (видео)
Фото: Данияр Майлыбаев

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Данияр Елеусінов ел үмітін ақтап, Олимпиада чемпионы атанды. Жартылай финалда француз Сулейман Сиссокоға қарсы жекпе-жекте жарақат алған отандасымыз шешуші жекпе-жекте де аянып қалған жоқ. Өзбек боксшысы Шахрам Гиясовтан жарақатын қорғай жүріп те, айласын асырды. Шаршы алаңдағы ширақтығы мен жылдамдығы, дәл соққылары Даниярды діттеген мақсатына жеткізді. Одан арғысын төмендегі жекпе-жектен көріп, айта отырарсыздар.

Марапаттау салтанаты

69 келіге дейінгі салмақта қола медальды марокколық Мохаммед Рабии мен жартылай финалда отандасымыздан жеңілген француз Сулейман Сиссоко иеленді.

О. Сансызбай