Жайна Шекербекова ширек финалда жеңілді

Жайна Шекербекова ширек финалда жеңілді
Фото: google.kz

Қазақстандық боксшы қыз Жайна Шекербекова Олимпиада ойындарында ширек финалдан аса алмады. 51 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын отандасымыз жарыстағы алғашқы жекпе-жегінде француз Сара Оурахмоннан жеңілді.

34 жастағы француз боксшысына қарсы жекпе-жекте Жайнаға тәжірибе жетіспегені байқалды. Нәтижесінде төрешілер 3:0 (39-37, 40-36, 40-36) есебімен қарсыласын жеңімпаз ретінде таныды.

Айта кетейік, Жайна Шекербекова жарысты ширек финалдан бастаған болатын. 

О. Сансызбай