Досжан Қартықов екінші белдесуінде ұтылды

Досжан Қартықов екінші белдесуінде ұтылды
Фото: vk.com

Қазақстандық балуан Досжан Қартықов та ширек финалға шыға алмады. 75 келіге дейінгі салмақта белдесетін отандасымыз екінші белдесуінде әзірбайжандық Эльвин Мурсалиевтен ұтылды.

Досжан Қартықов бірінші белдесуінде грузин балуаны Зураб Датунашвилиді жеңген еді. Алайда әзірбайжандыққа қарсы белдесуде басым түсе алмады. Бірінші кезеңде тең түсіп, екінші кезеңде 5:1 есебімен ұтылып қалды.

Айта кетейік, осыған дейін 59 келіге дейінгі салмақта Алмат Кебіспаев та ширек финалға шыға алмаған еді. Қазақстандық балуандардың жеңіске жеткен қарсыластары финалға шықса, отандастарымыз жұбаныш белдесу өткізетін болады.  

О. Сансызбай