Дариға Шәкімова Олимпиаданың ширек финалына өтті

Дариға Шәкімова Олимпиаданың ширек финалына өтті
Фото: vk.com

Қазақстандық боксшы Дариға Шәкімова Риодағы Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты. 75 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз алғашқы кездесуінде канадалық Ариан Фортинді ұтты.

Қазақстандық боксшы екі дүркін әлем чемпионымен терезесі тең жұдырықтасты. Дегенмен Дариғаның шаршы алаңда ширақ қимылдауы мен белсенділігі төрешілер тарапынан жоғары бағаланып, отандасымыз ширек финалға өтті. 

Дариға Шәкімова ширек финалда марокколық Хадиджа Мардимен жұдырықтасады. Жекпе-жек 17 тамызға жоспарланған.

О. Сансызбай