Майкл Фелпс Олимпиаданың 23 дүркін чемпионы атанды

Майкл Фелпс Олимпиаданың 23 дүркін чемпионы атанды
Фото: 1500espn.com

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында АҚШ құрамасының жүзушісі Майкл Фелпс 4x100 метр кешенді жүзу эстафетасында өзінің Олимпиададағы 23-ші алтын медалін жеңіп алды.

Американдықтар бұл қашықтықты 3 минут, 27,95 секундта бағындырған. Екінші орынды Ұлыбритания құрамасы (3.29,24), үшінші орынды - Аустралия құрамасы (3.29,93) алған.

Бұл Фелпс мансабындағы 23-ші алтын медаль. Оның қоржынында жалпы саны 28 (23 алтын, 3 күміс, 2 қола) Олимпиада медалі бар.

Бұған дейін американдық жүзуші Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарынан кейін өз мансабын аяқтайтынын айтқан еді. 

Дереккөз: www.inform.kz

Е. Жұмабайұлы